«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

2020 жылдың 10 желтоқсанында жария құқық ҒЗИ және Каспий университетінің «Әділет» Құқық жоғары мектебі Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендікті жариялауына 30 жыл толуына арналған «Қазіргі әлемде адам құқықтарын қорғау: қамтамасыз етудің тұжырымдамалары, тетіктері және проблемалары» ХIV халықаралық ғылыми–практикалық конференциясын өткізеді.

Бұл іс-шараның маңыздылығы мемлекеттік органдардың қызметін едәуір қиындатқан, азаматтық қоғам мен оның институттары өмірінің әдеттегі ырғағын бұзған, жеке адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектеген «COVID-19» пандемиясының өсуімен байланысты.

Осыған байланысты адам құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі оларды қорғаудың әлеуметтік-экономикалық, ақпараттық, медициналық және басқа аспектілеріне әсер ете отырып, маңыздылығын күшейтті. Қазақстан көптеген әмбебап және өңірлік халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі. Мемлекеттің халықаралық беделі көп жағдайда адам құқықтарын одан әрі сақтаумен және ұлттық заңнамаға халықаралық құқық стандарттарын енгізумен байланысты.

Адам құқықтары саласындағы көптеген халықаралық құжаттарды ратификациялау және оларды мемлекетішілік құқық нормаларына енгізу саласындағы оң серпінге қарамастан, оларды толыққанды қорғау проблемалары бұрынғысынша өзекті.

Адам құқықтарын қамтамасыз ету бөлігінде ұлттық және халықаралық құқық нормаларына енгізілген идеяларды, нормалар мен қағидаттарды іске асыру сыни ғылыми ұғынуды талап етеді. Мемлекеттің заңдарда көрсетілген нақты құқықтық ұстанымын көрсету адам құқықтарын қорғау тетігін жетілдірудің маңызды бөлігі.

Конференцияда теңдік, кемсітпеушілік, түрлі салалардағы адам құқықтары мен бостандықтары идеяларын іске асыру, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері және т.б. салалардағы мәселелерді қарау, заң шығарудағы тетіктерді жетілдіру саласында ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.

Қазіргі заманғы әлем жағдайында адам құқықтарын қорғаудың отандық, сол сияқты халықаралық тәжірибесін; адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық нормаларын ұлттық құқыққа имплементациялау проблемаларын; адам құқықтарының құқықтық тетігін қамтамасыз етуді; Қазақстан Республикасының қатысуымен гуманитарлық миссияларды және т. б. талқылау көзделеді.

Конференцияда келесі мәселелер талқыланады:

  • БҰҰ стандарттары және ұлттық заңнамада адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құқық нормаларын имплементациялау мәселелері;
  • Пандемия жағдайында адам құқықтарын қорғау;
  • Конституция және адам құқықтары;
  • Омбудсмен институты;
  • Адвокатура және адам құқықтарын қорғау мәселелері;
  • Адам құқықтарын қорғау инфрақұрылымындағы үкіметтік емес ұйымдар;
  • ҮЕҰ және үкімет: өзара іс-қимыл нысандары;
  • Президент – адам құқықтарын қорғау кепілі;
  • Адам құқықтарын қорғаудың парламенттік формалары;
  • Конституциялық бақылау және адам құқықтарын қорғау мәселелері;
  • Адам құқықтарын қорғау механизміндегі сот билігі;
  • Мемлекеттің, азаматтық қоғамның және БАҚ-тың адам құқықтарын қорғаудағы рөлі;
  • Интернет және адам құқықтары;
  • Бизнес және адам құқықтары;
  • Сыбайлас жемқорлық және адам құқықтарын қорғау;
  • Адам құқықтары және оларды сақтау саласындағы халықаралық құжаттар және т. б.

Конференция аясында өткізіледі:

  • Пленарлық отырыс
  • Құқық қорғаушылардың, ҮЕҰ өкілдерінің сөз сөйлеуі
  • Секциялық отырыс

Конференция жұмысына Каспий университетінің «Әділет» ЖҚМ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қатысады. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ, «Тұран» және «Нархоз» университеттері және Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы, Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ, Каспий Университеті жанындағы "Әділет" колледжі, сондай-ақ Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының құқықтанушы-ғалымдары, ҚР жоғары оқу орындарының жас ғалымдары мен студенттері қатысады.

Конференция трансляциясы келесі сілтемелер бойынша өтеді:

 10 желтоқсан 2020 жыл, сағат 12: 00.

Конференция ұйымдастырушыларының мекен-жайы: Алматы қаласы. Каспий университеті. Достық даңғылы, 85. Тел.: 250 69 35 (іш.106).

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Баспасөз қызмет
і
PR-менеджер Жұмашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

 

Түсініктеме қалдыру