«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 29.12.20 – Жаңа жыл балалардың асыға күтететін мерекесі. Асқақ арманың орындалуы, шырша астында сыйлықтар күту, сиқырға толы атмосфера және жақындап келе жатқан ғажайып сезім – жаңа жылдық көңіл-күй мен салтанаттың өзгермейтін атрибуттары. Бірақ биыл карантиндік шаралар ертеңгіліктер өткізуге тыйым салды, сүйікті ертегі кейіпкерлері мерекелік қойылымдарда жас көреремендірмен де кездесе алмады. Алайда, 21-29 желтоқсан аралығында «Тілектер шыршасы» қайырымдылық акциясын өткізген Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Аяз Ата сыйлықтарын жеткізіп,  бала тілегін жүзеге асыруға тырысты. 

Қор мамандары жаңа жылдық сыйлықтарды Әлеуметтік және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының оңалту орталығына және ауыр сырқаты бар балалар емделетін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының балалар орталығына табыстады. Сондай-ақ, «Азамат әлеуеті» жеке қоры мен «Көп балалы отбасылар одағы» қоғамдық бірлестігінің қамқорлығындағы мүгедектігі бар және өмірде қиын жағдайға тап болған балалар сыйлықтар мен тәтті жиынтықтар алды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы өкілдігінің қызметкерлері алдын ала жинаған «Аяз Ата хаттарында»  электронды пианино, планшеттер, музыкалық орталық, үстел ойындары, смартфондар, ортопедиялық кереует, Алматы қаласының басты көрікті жерлеріне бару, мүгедектер арбасы, киім, ойыншықтар, спорт жабдықтары және т. б.  тілектер айтылды.

- Жаңа жыл қарсаңында балаларды құттықтау, кәсіби әртістермен ертегі қойылымдарын ұйымдастыру, сыйлықтар беру - Қордың ежелден келе жатқан игі дәстүрі. Биылғы жылы біз карантиндік шаралардың күшеюіне қарамастан балаларды назарымыз бен қамқорлығымыздан тыс қалдыра алмадық. Осындай мереке қарсаңында ауруханалар мен хоспистерде қалған балалар ерекше қолдауды қажет етеді.  Қарапайым қуыршақтар жиынтығын сұраса да, оның сыйлық алғандағы  қуанышын жеткізу мүмкін емес. Бұл жарқын эмоциялар, оң көзқарас және армандар орындалады деген сенім. Акцияның негізгі мақсаты – тағдыры қиын, қарым-қатынасы мен әлеуметтенуі шектелген балаларды қолдау, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жобаларының аға үйлестірушісі Гүлнар Ершіманова.

Амангелді Біржан отырмайды және жүрмейді, тұрақты жату жағдайы мен құрысулар ерекше күтімді және жайлы әрі қауіпсіз ортада болуды талап етеді. Жасөспірімде гидроцефалия, церебральды сал ауруы, оптикалық нервтің толық атрофиясы бар. Қазіргі төсегіне сыймағандықтан, анасы Ақмарал ортопедиялық төсек сұрады.

- Қамқорлықтарыңыз бен ықыластарыңыз үшін үлкен рахмет, Балам Біржанға ортопедиялық матрас өте қажет болатын. Қор қызметі гүлдене берсін, келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! - деп алғысын білдірді. 

Ардақ Аманбайға орташа ауырлықтағы сол жақ гемипарезі диагнозы қойылған. Ол Қаскелендегі жалдамалы пәтерде тұратын үлкен отбасында өседі. Анасы Баян Далабаева бес баланы жалғыз тәрбиелеп отыр, әкесі 2009 жылы қайтыс болды. Ардақ Жаңа жыл қарсаңында өзі және отбасы үшін оңтүстік астананың басты көрікті жерлеріне экскурсия жасады.

Сал ауруына шалдыққан Әлинұр Смағұл мен оның сыңары  Алдияр Смағұлды анасы жалғыз тәрбиелеп отыр. Әкесі балаларының диагнозы туралы білгенде отбасынан бөлек тұрамын деп шешекен. Анасы балаларын асырау қиын болғандықтан оларды «Жанұя» балалар кешеніне өткізген.  Еңсесін тіктеп, жұмысқа тұрғаннан кейін ол балаларын қайта алып кетеді. Бүгінде әйел үш жерде жұмыс істейді,  пәтер жалдамалы болғанымен, өмір сүруге ыңғайлы. Биыл егіздердің анасы қатты сырқаттанып қалды, бірақ мойымады.  Жаңа жыл қарсаңында Әлинұрдың есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы мектепте білім алуына өте қажет планшет туралы арманы орындалды.

Арсен Меримбаевтың да тілегі орындалды. Анасы баласына серуендеуге арналған мүгедектер арбасын сұрады. Ол туылғаннан сал ауруына, спастикалық тетрапарез дертіне шалдыққан. Енді Арсен сыртқа шығып, серуендеп, қонаққа, киноға бара алады.

Жеті жасар Әмина Акижанова  Аяз Атадан моториканы дамытуға арналған арнайы оқу ойыншықтарын сұрады. Балаға үш операция жасалды, бірақ қиындықтарға қарамастан, ол қазір мектепке даярлық сыныбында оқиды, бейімделу спортымен айналысады, жүзеді. Анасы Гаухар қызының өз бетінше жүріп кеткенін армандайды. Жаттығу терапиясының тұрақты курстары мен уақтылы оңалту өз нәтижесін берді: бүгінде Әмина қолын ұстап, аздап аяғын басады.

Сыйлық ретінде Амина қазақстандық Kishkentai брендінің дамытушы ойыншықтарын сыйға алды.

- Бізге ойыншықтар өте ұнады, олар Аминаның сөзі мен түсінігін дамытуға жарамды. Менің қалған екі қызым ерекше әпкесімен бірге үлкен қуанышпен ойнады. Біздің елімізде сөйлеуді, моториканы дамытуға арналған осындай тамаша ойыншықтар шығарылатынына біз өте қуаныштымыз, — деп өз әсерімен бөлісті Гаухар.

«Тілектер шыршасы» акциясы  200 бала мен жасөспірімді қамтыды, олардың әрқайсысында жаңа жылдық арман орындалды.

- Кішкене тілек болса да, ол орындалды. Кішкентай қадамдардан жарқын болашаққа жол басталады.  Аяз Атаға деген кішкентай сеніммен ғажайыпқа үлкен үміт туады және әркімнің өз қалауы бар. Маңыздысы балаларға бәрі мүмкін екенін көрсету. Өзіңе, өз күшіңе, ішкі әлеуетіңе сенсең  ең асқақ арман шындыққа айналуы мүмкін, қандай қиындық болмасын, арманыңнан бас тартпау керек, - деп сөзін қорытындылады Қор маманы Гүлнар Ершіманова .

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 
Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail: pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру