«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 25 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституциялық парадигмасы жаһандық сын-қатерлерге жауап» халықаралық онлайн дөңгелек үстел  өтті

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен ҚР Конституциялық Кеңес, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет, Қазақстан Сорбонна институты ұйымдастырған іс-шараға республикамыздан және шетелден мемлекет қайраткерлері қатысты.

Олардың арасында ҚР Конституциялық Кеңес төрағасы Қайрат Мәми, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасынан Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының мүшесі Игорь Рогов, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо, Грузия Конституциялық Сотының Халықаралық кеңесшісі, экс-төраға Георгий Папуашвили, Ресей, Қырғыз Республикасы жоғары оқу орындарының басшылары, профессорлары және т. б. бар.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Конституцияның негізгі бөлімдеріне, олардың Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен мемлекеттік басқаруда қолданылуы, сондай-ақ Елбасының жаңа Қазақстанды құрудағы рөліне тоқталып, талдау жасады.

Форумды алғысөзбен ашқан Конституциялық Кеңес Төрағасы Қайрат Мәми биылғы жылы Негізгі Заңның мерейтойы Конституциялық Кеңестің 25 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Осы жылдарда Конституциялық Кеңес қызметі конституциялық құндылықтарды іске асыруға бағытталды. Оның шешімдері қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің барлық құрамдас бөліктерін толық түсінуге және іске асыруға ықпал етті. Осы кезеңде перспективалы бағыттардың бірі заңдардың конституциялығын тексеру туралы ұсыныстармен бірге соттардың кеңеске жүгінуі институтының тиімділігін арттыру болды. Конституциялық қағидаттар тұрғысынан заңға түсінік беру де өзекті, деп сөзін түйіндеді Қайрат Мәми.

Іс-шара модераторы Игорь Рогов Қордың атқарушы директоры Қанат Жұмабаевтың үндеуін оқыды: «Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған дамудың саяси векторының идеологиясы мен ұлттық рухани құндылықтар еліміздің Негізгі заңында көрініс тауып қана қоймай, шынайы өмірде толық көлемде іске асырылды. Елбасының сындарлы саясатын нақты ұстануының, ұлтаралық татулық пен келісімді, Қазақстанның ашықтығын және халықаралық ынтымақтастыққа дайындығын қамтамасыз етуге ұмтылысының арқасында мемлекетіміз жоғары халықаралық беделге ие болып, елдің әсерлі дамуын қамтамасыз етті».

Оның айтуынша, ҚР Конституциясын бұлжытпай орындау, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің оның басты ережелеріне сәйкес келетін заңдардың қабылдануын қамтамасыз етуге нақты бақылау жүргізуі мемлекеттің үдемелі дамуының маңызды негізіне айналды.

Бұл ойды онлайн-кездесудің басқа да қатысушылары растады. Олар ҚР Конституциялық Кеңесі қызметінің 25 жылы ішінде конституциялық бақылау функциялары сәтті орындалғанын атап өтті. «Бұл азаматтардың бірлігін нығайтуға, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ықпал етті", - деп атап өтті спикерлер.

Дөңгелек үстелді талқылау кезінде еліміздің Негізгі Заңы Қазақстанның Тәуелсіздік таңындағы қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге шын мәнінде батыл «жауабы» болғаны туралы ой басқосудың негізгі өзегіне айналды.  Республика құндылықтарды, басымдықтарды айқындап және оларды Конституцияда баянды ете отырып, өзінің даму жолын таңдады.

Шетелдік сарапшылар Негізгі Заңның іргелі негіздері бүгінгі күні де мемлекеттің қазіргі және болашақ жаңғырту үдерістерін іске асыруға қызмет етеді деген ойларымен бөлісті.

 

Түсініктеме қалдыру