news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 12.01.21 – Жас дарындар мен олардың үлкен жетістіктері - Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ерекше мақтанышы. Жаңа жыл қарсаңында грант иесі Аделина Мұхаметжанова «Жыл таңдауы» сыйлығының ең жас лауреаты атанды. 13 жастағы вокалистке «Шығармашылық жетістіктері үшін» номинациясы бойынша арнайы шығармашылық сыйлық табысталды.

Талантты қыз жеті жасынан бастап музыкамен айналысады. Аделина Алматы қаласының №105 мектебінде оқиды және опера жанрындағы ең мықты тұлғалардан үнемі сабақ алып, өзінің шығармашылық әлеуетін дамытады.

Аделина Мұхаметжанова көп мәрте Халықаралық вокалдық байқауларда Қазақстанның намысын қорғап, беделді марапаттарға ие болған. Оның еншісінде Ол Open International Auditions (Италия) Академиялық вокал конкурсында Festival & Contest қауымдастығының президенті Кристиан Карочетидің арнайы сыйлығы, А.Я. Ваганова атындағы Орыс балеті академиясының ректоры Елена Образцованың (Санкт-Петербург) конкурсында Николай Цискаридзенің арнайы сыйлығы, сондай–ақ Италиядағы Sanremojunior халықаралық конкурсының жүлдесі бар. Сан-Ремодағы байқауда Аделина Time to say good bye әнін симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындады. Сонымен қатар, жас дарын Халықаралық орыс ән фестиваль-байқауының финалисті (Ұлыбритания), Зарина Алтынбаева байқауының жүлдегері, «Бақытты бала» финалисті (Қазақстан).

Аделина Мұхаметжанова 2019 жылы Нью-Йоркте American Protégé International vocal Competition халықаралық академиялық вокалистер байқауында I дәрежелі лауреат атанып, еліне үлкен қуаныш сыйлады. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының тревел-грантын жеңіп алу оған әлемдегі ең беделді залдардың бірі – Карнеги холлда өнер көрсетуге мүмкіндік берді.

Біз Аделина Мұхаметжанованы кезекті шығармашылық жеңісімен құттықтаймыз және жаңа табыстар тілейміз!

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының

Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев

e-mail: pr.zhumashev@gmail.com

+7 727 305 36 19

+7 708 960 56 13

 

Түсініктеме қалдыру