news-img

Елордада ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпазы — «Kishkentai» бірегей жобасының тұсаукесері өтті.

 

«Kishkentai» - бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сенсорлық жинақтар. Қазақстанда теңдесі жоқ жобаның авторлары екі жас ана Гүлмира Дармышева мен Айгүл Мұстафина.

 

Соңғы бірнеше ай ішінде сенсорлық дамуға арналған жиынтықтарды сынақтан өткізу және өндіріске дайындау жүргізілді. Олар хош иісті лото, визуалды қабылдау карточкалары, сенсорлық қаптар, есту қабылдау тренажерлері, сенсорлық лото қамтиды. Жиындарды құру процесіне мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты.

 

Жоба ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры гранттық қолдауымен «Белсен «Әлеуметтік бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігімен іске асырылуда. Ол осы жылдың сәуір айында Қор ұйымдастырған «Zamannyn` ziatker jastary — vision of the future» әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздарының бірі болды.

 

«Kishkentai» жобасының тұсаукесері шеңберінде түзету кабинеттерінің қызметкерлері үшін шеберлік сабақ өткізілді.

 

 Қазақстанда біздің командамен құрылған сенсорлық жиынтықтың теңдесі жоқ. Жобаны әзірлеу кезінде біз бұл жиынтықтың ыңғайлы және қолжетімді болуына назар аудардық.  Сенсорлық даму құралдарын оңалту кабинеттерінің мамандары ғана емес, сонымен қатар үй жағдайында балалармен айналысатын ата — аналар да пайдалана алады, - дейді «Kishkentai» жобасының негізін қалаушы Гүлмира Пармышева.

 

Тұсаукесерге Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Ақтөбе қалаларының, сондай-ақ Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының түзету кабинеттерінің, орталықтары мен қорларының өкілдері қатысты.

 

Жоба аясында жасалған барлық сенсорлық жинақтар түзету кабинеттеріне және елдің 11 өңірінің арнайы мекемелеріне тегін берілгенін айтып кету керек.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру