«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 27.01.21- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 3-курс студенті Ерназар Ғимарат «Фортепиано» мамандығы бойынша оқиды. Жастайынан талантты музыкант еліміздің және шетелдердің түрлі сахналарында өнер көрсетеді.

21 жасар Ерназар көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты. 2020 жылдың қыркүйек айында Қазан қаласында өткен Халықаралық вокалистер байқауында «Концертмейстер өнері» номинациясы бойынша 1-орын алды. Ал қараша айында «Орыс композиторының шығармаларын орындағаны үшін» қазылар алқасының төрағасы, Ресей Халық әртісі, П.И. Чайковский атындағы ММК профессоры, Гнесиндер атындағы РМА «Фортепиано» кафедрасының меңгерушісі Владимир Павлович Овчинниковтың дипломымен және арнайы дипломымен марапатталды.


- Мен үшін шығармашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл өзін-өзі көрсету, жанның, ойдың күйін жеткізу жолы, композиторлардың жазған және қалдырған дүниелерін тыңдармандарға жеткізу тәсілі. Музыканың емдік қасиеттері бар, бұл көптеген ауруларды емдеуде сеп бола алады», — деді Ерназар Ғимарат.

 

Ерназар Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020-2021 жылғы стипендиаты атанды. Ол консерваторияда Қор стипендиясына арналған конкурс туралы жиі естіп жүрген, ал ережелермен танысып, оған қатыса алатынын білгенде, қатты қуанды. Бұл ретте әрдайым жақсы оқуға, түрлі байқауларға қатысуға және университеттің қоғамдық өмірінде белсенді болуға деген ұмтылыс өз септігін тигізді.

 

— Қор стипендиясын алу мен үшін күтпеген жағдай болды, өйткені оған лайықты балалар өте көп екенін білемін. Бірақ стипендия алған күшті екенін мойындаймын. Бұл одан әрі дамуға және өз-өзіңді жетілдіруге ынталандырады, - деді стипендиат.

 

Ерназар Ғимарат құрдастарына гаджеттерден бас тартып, театрлар мен филармониялардың концерт залдарында жанды, сапалы дыбыстан ләззат алуды ұсынды. Оның пікірінше, осылайша жақсы демалып, рухани баюға болады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының

Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер

Артур Жұмашев

e-mail: pr.zhumashev@gmail.com

+7 727 305 36 19

+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру