news-img

10 жылдан астам уақыттан бері, Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы, Қарасай ауданының білім беру қоры, бірнеше пәндерінен олимпиадалар ұйымдастырып, өткізіп келеді.

11 ақпанда онлайн форматта, proctoring.sdu.edu.kz веб-сайтының Moodle платформасында, Алматы облысы, Қарасай ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары үшін физикадан олимпиада өтті.

Олимпиада комиссиясының төрағасы: Қарасай ауданының білім беру қорының атқарушы директоры - Исраилов Еркін Дәулетұлы болды.

Комиссия мүшелері - жоғары оқу орындарының, білім беру орталықтарының басшылары.

Олимпиадаға қатысу үшін 28 мектептен 94 сұраныс берілді. Олимпиаданың тапсырмалары жазбаша түрде орындалуы керек еді.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орынды Берікболова Саяжан (Қосынов атындағы орта мектеп) иеленді;

2 орынды Ажар Оқапова (Қарасай батыр атындағы орта мектеп) жеңіп алды;

3 орын Асқарғызы Анельге (Шамалған ауылындағы орта мектеп) бұйырды.

Түсініктеме қалдыру