«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 16.02.21 - Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаттары еліміздегі ең үздік жастардың қатарында. Үздік оқу, құрдастар арасындағы бедел, түрлі байқаулар мен жарыстардағы жеңіс, өз талантын істе қолдану, еріктілік және белсенді өмірлік ұстаным – бір сөзбен айтқанда, олардың әрқайсысы ресурстар мен ішкі әлеуетті толық пайдаланады. Кімді алсаң да сайдың тасындай іріктелген.

Илан Рахметуллаева Қазақ ұлттық өнер университетінің «Киім дизайны» мамандығының 4 курс студенті. Өзі айтқандай, ол үнемі өзінің мықты тұстарын іздеуді тоқтатқан емес. Бұл ең алдымен оның  республикалық және халықаралық жобаларға қатысуымен байланысты. Мақсаты бойындағы дарынды сынау.

«Ел үміті – 2019» атағының иегері, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту жөніндегі бастамасын іске асыру аясында өткен Жастар Республикалық фестивалінде ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2020 финалисті, HUMAN RIGHTS DAY хакатонының, «QazVolunteer.kz-бірге  волонтерлық жолым» байқауының жеңімпазы атақтары мен марапаттарды Илан Рахметуллаева 21 жасында жеңіп алды.

- Өзімнің ең мықты тұсарымды іздеу – бұл менің әдеттегі жағдайым. Ғылым мен шығармашылық ең алдымен менің әлеуетімнің барлық қырларын ашуда үлкен рөл атқарады. Өйткені, осы салаларда кемелділікке шек жоқ. Өнер мені бірінші курста академиялық ұтқырлық бойынша байқауда жеңіске жетуіме алып келді, ал екінші курста Брер атындағы көркем өнер академиясында (Милан қ., Италия) білім алдым, - дейді біздің шәкіртіміз.

Илан Қазақстан жастарының алдында барлық көкжиектер ашық деп санайды тек  еңбек етіп, мақсатыңа жетпей тоқтап қалмау керек.

- Жастар арасында жеке тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ететін осындай бағдарламалар енгізіліп жатқаны үшін өз еліме алғысымды білдіремін! Нұрсұлтан Назарбаев Қорына ризашлығымды айта отырып, қаржылық көмек маған кинобейнелерді жасау, көркемдік және волонтерлік жобаларды іске асыру кезінде ойластырылған жоспарларды қысқа мерзімді перспективада жүзеге асыруға көмектескенін атап өткім келеді. Қордың шәкіртақысы мен үшін ең басты міндет – Қазақстанда fashion-индустрияны дамытуға ауқымды үлес қосу мәселесін шешуге көмектеседі, - деп түйіндеді сөзін Илан.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының

 Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев

e-mail: pr.zhumashev@gmail.com

+7 727 305 36 19

+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру