«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 22.02.21 - Дана Үсенова – жан-жақты дамыған тұлға. КИМЭП университетінің үшінші курс студенті бола тұра, бойжеткен елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысты. Оның өзіндік белсенді өмірлік ұстанымы, кең көзқарасы мен мақсаттылығы бар.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты «Кез келген мүмкіндік сіздің болашағыңызға салынған инвестиция», - деп есептейді.

Дана елімізде өткен «БҰҰ Моделі» конференцияларының топтамасына қатысты. Ол ЮНИСЕФ жастар челленджі аясында «Біз өз еліміздің заңдарын жасауға құқылымыз және оны жасай аламыз» жобасының финалисі.

- Оқудың бірінші жылынан бастап мен волонтерлік қызметке белсенді түрде қатыстым. Мемлекетіміз тез дамып, өркендеу ұшін қоғам игілігі үшін өз үлесімді қосу маған ұнайды. Менің ойымша, волонтерлік қызметтің арқасында әрбір адамға қажетті көптеген маңызды және пайдалы дағдылар дамиды. 2020 жылы мен «Birgemiz Bilim» жобасына қатыстым, -дейді Дана Үсенова.

Street Law Kazakhstan сертификатталған жаттықтырушы ретінде танылған дарынды жерлесіміз жоғары сынып оқушылары үшін құқықтық сауаттылық бойынша онлайн-сабақтар өткізді және Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл балалары үшін құқықтық мәдениетті арттыру бойынша конкурс әзірледі. Осы жұмысы үшін Дана «Үздік волонтер - 2020» атағын алды.

- Жоғарыда айтылғандардан бөлек мен  спортпен шұғылданғанды өте жақсы көремін,. 2019 жылы университетте баскетболдан 1-орын, кроссфиттен 3-орын иелендім.Бірнеше рет үстел теннисінен өткен жарыстарға қатыстым. Барлық студенттерге табандылық тілеймін. Әрқашан мақсатыңызға ұмтылыңыз, өзіңізге сеніңіз және сіз міндетті түрде жетістікке жетесіз. Және ең бастысы, өзіңізді  жарқын ойлауға дағдылаңыз. Позитивті ойлау қуатты рухтың бастаушысы, - деп жетістіктерімен бөлісті стипендиат.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының

Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев

e-mail: pr.zhumashev@gmail.com

+7 727 305 36 19

+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру