news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 9.03.21 - Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес биылғы бірінші отырысын өткізді. Қор өкілдігі басшылығының Алматыдағы кездесуінің басты тақырыбы өткен жыл қорытындысы мен карантин жағдайындағы жұмыс, кеңестің алдағы кезеңге арналған даму перспективалары және консультативтік-кеңесші органның жаңа қатысушыларын ұсынуаясында болды.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қор жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес (бұрынғы Жас ғалымдар кеңесі) –  құрамына еліміздің көптеген өңірлерінің атынан өкілдік ететін ғылым және білім қайраткерлері кіретін алқалы орган.

Кеңес жұмысы негізінен талантты жас қазақстандықтарды анықтауға және қолдауға бағытталған. Кеңес мүшелері көптеген бағдарламалар мен іс-шаралардың бастамашысы, олардың міндеті қазақстандық қоғамның шексіз әлеуетін дамыту. Олардың арасында – «Назарбаев моделі» жас ғалымдардың халықаралық форумы, «Robocon» студенттер арасында робототехникадан республикалық чемпионат, «Тірегі сендер елімнің» студенттік фестивалі, түрлі конференциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталас клубтары, шығармашылық кездесулер, шеберлік сыныптары және т.б. бар.

Ғылым жөніндегі Кеңестің құрамына 10 жаңа мүше – жас ғалымдар, өңірлік жоғары оқу орындарының ЖҒК төрағалары кірді. Бүгінгі таңда Кеңес әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, медицина және басқа да салалардағы 27 ғалымнан тұрады. Ғылым жөніндегі кеңестің төрағасы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Ермек Тоқтаров.

Жас ғалым өз сөзінде Кеңестің жаңа құрамының алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер туралы айтып, ұйым құрылған жылдардағы жұмыстың негізгі нәтижелерімен бөлісті.

Кеңес қызметі жылдарында мыңдаған өтінімдер қаралып, ғылыми зерттеулерге 63 грант, 86 travel — грант бөлінді, 32 Жас ғалымар Кеңесі үздік деп танылды, 84 жас ғалым жоғары марапат – Қор сыйлығына ие болды. Кеңес ғалымдардың өскелең ұрпағына ерекше көңіл бөледі. 418 студент ғылыми жетістіктері үшін Қордан атаулы стипендия алды, 217 жұмыс студенттердің үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық конкурста жеңіске жетті.

Ғылым жөніндегі кеңес мүшелері ашық пікірталас форматында кеңестің қызметін жетілдіру перспективалары туралы өз ойларымен бөлісті, Қазақстанның ғылыми қоғамдастығын нығайтуға үлес қосуға, сондай-ақ Елбасының саяси және ғылыми мұрасын зерттеу және талдау жөніндегі жұмысты жүйелі негізде жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

- Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің дарынды жас ғалымдарды қолдау жөніндегі қызметін жоғары бағалайды. Кеңес жұмысының қарқынын сақтау, сондай-ақ елдің зияткерлік әлеуетін дамытудағы және оны нақты жобалар шеңберінде іске асырудағы ғалымдардың рөліне баса назар аудару қажет, - деп атап өтті Ермек Тоқтаров.

Түсініктеме қалдыру