news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 10.03.21 - Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысын алуға арналған байқау белсенді, шығармашыл және мақсатқа ұмтылған студент жастардың қызығушылығын тудырады.

- Мен үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы – стипендия алудан әлде қайда маңызға ие! Берілген мүмкіндіктен маңызды! Көрсетілген сенім мен қодаудан артық! - П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі «Академиялық вокал» бөлімінің 4 курс студенті Сара Амангелдіқызы эмоцияларымен бөліседі. - Бұл менің музыкант ретіндегі, көшбасшы ретіндегі  сапалықтың белгілі бір белгісі.

Сараның бұлай айтуға толық қақысы бар. Өйткені, ол тек үздік оқумен шектелмейді. 19 жастағы еліміздің үздік шығармашылық оқу орындарының бірінің студенті халықаралық және республикалық деңгейдегі конкурстардың бірнеше мәрте жеңімпазы: «Ақ сәулелі алтын таң» II Халықаралық фестиваль-конкурсының I дәрежелі лауреаты, «Suoni Pesaro» халықаралық конкурсының II дәрежелі жүлдегері, «Қазақ романсиадасы» XXI Өңірлік ашық конкурсының «Романсиада үміті» номинациясының дипломанты.

- Менің таныстарым мен достарымның арасында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының біздің және басқа колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алатын  стипендиаттары бар. Оларды студенттердің ең жақсы өкілдері деп атауға болады! - дейді Сара. - Менің студенттік өмірімнің ең жарқын, есте қаларлық сәті не болғанын білесіз бе? Бұл мен қонақ ретінде қатысқан Қордың стипендиаттарын марапаттау рәсімі. Іс-шарадан кейін солардың бірі болу үшін бар күшімді саламын деп шештім!

Беделді стипендияның иегері атанған бойжеткен өзінің дұрыс бағытта келе жатқанын түсінді. Ол үшін Стипендия белсенді жұмыс істеуге және классикалық музыкалық өнер әлемінде жаңа биіктерге көтерілуге түрткі болды.

Сара өз құрдастарына былай дейді: «Жаңа нәрселерді үйренуге ұмтылыңыз. Айналаңыздағы кеңістікті өзгерте отырып, жақсы жаққа өзгеруден қорықпаңыз. Ешқашан тоқтамаңыз, жетіліңіз. Ең бастысы-өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз".

Түсініктеме қалдыру