«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Бұл күндері Қазақстанның барлық өңірінде қола деңгейіне қатысушыларды Елбасы медалімен мараппаттауға арналған салтанатты іс-шаралар өтуде. Жеңімпаздар саны бойынша Алматы (384) және Шығыс Қазақстан (340) облыстары көш бастады.

Нұр-Сұлтанда 165 қатысушы жеңімпаз атанды. 6 ай бойы өзін-өзі дамытумен айналысқан жастарды марапаттау Оқушылар сарайында өтті.

«Елбасы медалі» - еліміздегі ең ауқымды challenge, оған қатысуға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар шақырылады. Қатысушылар қола, күміс немесе алтын деңгейді таңдап, 6 айдан 18 айға дейінгі бағдарлама талаптарын орындауы керек. Осы уақыт аралығында олар өз дағдыларын 7 бағытта дамытады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі.

«Елбасы медалі» жобасына қатысып, бұл керемет тәжірибе болатынын жақсы түсіндім, бірақ жобаға қатысу менің өміріме қаншалықты әсер ететінін елестете алмадым. Жобада мен «Еріктілік», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды» бағыттары бойынша алға қойған мақсатыма қол жеткіздім. Жобаға алғысым шексіз! Жаңа қырларымды аштым, бұған дейін айналысқан қызығушылықтарыма жаңаша көзқарас пайда болды. Ең бастысы мен жаңа достар таптым! Олардың барлығы белсенді, қызықты, идеялық және жарқын жандар», - деді өз әсерімен бөліскен жоба қатысушысы Жарас Жеңісов.

2020 жылы «Елбасы медалі» бағдарламасы еліміздің барлық өңірлерінен 11 мыңнан астам қатысушыны қамтыды, қатысушылардың жалпы санының 23% ауыл балалары. 3 535 адам қола деңгейін сәтті аяқтады.

«Жобаға қатысу барысында мен болашақта қажет болатын тәжірибе алып үлгердім! Еріктілік бағыты ерекше орын алды. Себебі бұған дейін мен бұл саламен кездеспеген едім, енді басқаларға тұрақты түрде қалай көмектесуге болатынын білемін. Құрметті Елбасына жастарға арналған осындай бастама үшін зор алғысымды білдіремін», - деді жоба қатысушысы Алтынбек Әбілда.

Ата-аналар да өз әсерлерімен бөлісті: «Менің қызым Нұрметова Наргиз, 14 жаста, 6 ай ішінде ол «Жыл еріктісі» халықаралық байқауына қатысты, БҰҰ Қоры ұйымдастырған «COVID-19-ға қарсы күрескен әйелдер» фотокөрмесіндегі кейіпкерлердің бірі болды, «Қаржылық сауаттылық», «Цифрлық сауаттылық», «Мобилография» және т. б. онлайн-курстардан өтті. Қатысушылардың ата-аналары атынан құрметті Елбасына балаларымызға осындай мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіремін!», - деді Зухра Нұрметова.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру