«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры студенттер мен магистранттар арасында «Абай әлемі» ғылыми байқауын екінші рет ұйымдастырып отыр.

Байқаудың мақсаты - Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарды анықтау. Абайды  заман талабына  сай  жаңа қырынан танытуға, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуына ықпал ету. 

Байқауға магистранттар мен студенттердің тек қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалалары қабылданады.

Қатысушылар берілген тақырыптар бойынша ғылыми мақалаларын ұсынады:   

Студенттер үшін:

1) «Абай мұрасы  - рухани жаңғыру өзегі»;

2) «Абай шығармашылығының  рухани арналары»;

3) «Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі».

 

Магистранттар үшін:

1) «Абай шығармашылығының ренеcсанстық сипаты»;

2) «Қуғындалған абайтанушылар»;

3) «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі».

 

Сыйақы қоры:

Студенттер арасында:

1 орын – 400 000тг (1 жүлде)

2 орын – 300 000тг (2 жүлде)

3 орын – 200 000тг (3 жүлде)

Магистранттар арасында:

1 орын – 500 000тг (1 жүлде)

2 орын – 400 000тг (2 жүлде)

3 орын – 300 000тг (3 жүлде)

 

Өтініштер мен мақалалар 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдеге дейін abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Жеңімпаздар 2021 жылдың тамыз айында белгілі болады.

Байқау ережесі туралы толық ақпаратты http://fnn.kz/, https://www.qazaq-found.kz/, https://abaialemi.kz/ сайттарыннан білуге болады.

 

Байланыс тел.: 8 7172 27 26 09, abai_fond@mail.ru

Түсініктеме қалдыру