«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 18.03.21 - Томирис Тоқтарбекова оқу мен қоғамдық жұмысты қатар алып жүрген шәкірт. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Менеджмент» мамандығының студенті бірінші курстан бастап ғылыммен айналысты, Өскемен қаласы мен өзі оқитын білім ордасындағы жастарға қатысты барлық іс-шараға белсенді қатысып келеді.

2019-2020 оқу жылында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты Otto von Guericke университетінде (Магдебург, Германия) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бір семестр оқыды.

- Қазіргі кезде студенттерге бүкіл әлемді көруге барлық мүмкіндік жасалған, бұл өте қуанышты жағдай! Мұндай мүмкіндік кез-келген студентте бар», - дейді үшінші курс студенті Томирис Тоқтарбекова.

Бүгінде дарынды бойжеткен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атаулы шәкіртақысы мен Президент шәкіртақысының иегері. Айтуынша, «мұндай қолдау студенттің үздік бағамен оқып, болашақта бәсекеге қабілетті әрі сұранысқа ие маман атануына, университеттің қоғамдық және ғылыми өміріне белсенді қатысуына септігін тигізеді».

Томирис Алмасқызы бес тіл біледі, үш тілде ғылыми мақала жазады, талай байқауға қатысқан, алғыс хат, грамота, диплом жетерлік. Шет тілін үйренгенді ұнатады.

- Құрдастарымды сабақты жақсы оқуға, мамандығы бойынша терең білім алуға, мемлекеттік тілді жетік білумен қатар, шет тілдерін  үйренуге шақырамын, себебі олар интеллектуалдық деңгейді арттырады. Мұның жұмыспен бірге, қоғамның барлық саласында пайдасы мол. Қажырлы еңбектің биік белеске жетуге болады деп санаймын, - деп сөзін түйіндейді Томирис Тоқтарбекова.

Түсініктеме қалдыру