«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 2008 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізілді. Коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) 50 өкілі екі күн бойы мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға, азаматтық құқықты қорғауға, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларын таныстырды. Үздік шыққан идеяларды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаржыландырады. Ал бұл – қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға жаңа мүмкіндіктер туады деген сөз. 

 

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің ерекшелігі мұнда еліміздің шағын қалалары мен ауылдарына арналған жергілікті деңгейдегі жобалардың ұсынылуында болып тұр.

 

2021 жылғы Жәрмеңкенің жеңімпаздары 22 және 23 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму мақсатындағы 30 жыл бойғы бірлік пен ынтымақтастық» атты бірінші Әлеуметтік жобалар форумында жария етіледі. Ауқымды шара барысында отандық және халықаралық сарапшылар өте өткір әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді талқылап, іс жүзіндегі нақты шешімдерін ұсынады.

 

Бірінші Әлеуметтік жобалар форумына қатысушылар мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның тұрақты дамуға қол жеткізу, экологиялық мәселелерді шешу, әлеуметтік жағынан жауапты бизнес жүргізу және тағы басқа көптеген іс-шаралар өткізу мақсатындағы серіктестігі мәселелерін қозғайдыі. Форумда бірлескен бастамаларға, серіктес жобаларға және ықтимал ынтымақтастықтың жаңа векторларын іздеуге басымдық беріледі.

 

Жәрмеңке өткізілген жылдары КЕҰ-ның 300-ден астам жобасы Қордың жан-жақты қолдауына ие болды. Осылайша, инклюзияны, білім беруді, спортты, кәсіптік бағдарды және барлық жастағы адамдардың бос уақытын өткізуді ұйымдастыру ісін дамытуға қатысты көкейтесті мәселелер шешілді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында өмір сапасын өзгертетін немесе аз қамтылғандарға жаңа серпін беріп, үміт сыйлайтын бастамаларды қолдайды.

 

Мысалы, «Другая жизнь» қоғамдық қоры Жәрмеңкеде жеңіске жету арқылы Талдықорған қаласында аутистік спектрі бұзылған (АСБ) балаларға арналған сенсорлық ықпалдасу кабинетін ашты. Бұл кабинетте түрлі аспалы әткеншектер қойылған сенсорлық-динамикалық кешен, теңгергіштің бірнеше түрі және ауқымды дидактикалық материал бар. Бұның бәрі аутизмі бар балалардың оңалтудан өтуіне, бейімді дене шынықтырумен айналысуына, машығын дамытуына, ал олардың ата-аналарының психологияоық көмек алуына арналған.

«Белсен» әлеуметтік бастамалар орталығының «Kishkentai» атты жобасының елімізде теңдесі жоқ. Оның авторлары мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сенсорлық жиынтықтар жасап шығарды. Онда хош иісті ойындар, көзбен көруге арналған карталар, сенсорлық қапшықтар, естуге арналған жаттықтырғыш, сезіну лотосы бар. Бұл жобаның орнықты екеніне сөйлеу және сезіну қабілеттері бұзылған балалардың «Kiskentai» ойыншықтарының көмегімен оң нәтижеге қол жеткізіп жатқаны дәлел, Ойын ойнайтын және сенсорлық жиынтықтар үйде отырып оқуға да арналған. Олардың өнімін Алматы қаласындағы «Белсен» орталығының кеңсесінде тексеріп көруге болады. Мамандар балаға қажетті жиынтықтарды таңдап береді, ал ата-аналар мен ұстаздарға олармен қалай жұмыс істеу жөнінде кеңес береді.

 

Атырауда «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының күшімен және Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен 16 жастан жоғары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Марс» инклюзивті шеберханасы жұмыс істейді. «Марс» креативті-әлеуметтік кеңістігінде пішіп тігу, ағылшын тілі, SMM-менеджер мамандығын игеру, жабыстырма және қолөнер курстары ашылған. Сондай-ақ, мұнда жастарға әлеуметтік жобаларды жүргізуді үйрететін тренингтер өткізіледі. Орталықта бір мезгілде шеберханадағы сабақ кезіндегі қауіпсіздік пен денсаулыққа жауапты ата-аналарының, әлеуметтік қызметкерлердің немесе туыстарының ілесуімен  50 адам бола алады.

Сондай-ақ, Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің үздік жеңімпаздары арасынан мыналарды атап айтуға болады: «Азаматтарды баланы асырап алуға, қамқорлыққа алуға дайындайтын «Теплый дом» бала асыраушы ата-аналар мектебі» («Ұлағатты Жанұя» отбасыларды дамыту және қолдау қоғамдық қоры, Алматы), Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу орталығы («Қостанайдың жас көшбасшылары» қоғамдық бірлестігі, Қостанай), Онкологиямен ауыратындарға арналған арт-терапия кабинеті («Сенің таңдауың» қоғамдық қоры, Семей), Аз қамтылған және оқшауланған, қолөнершілік қабілеті және білімі бар қарт кісілердің «Екінші тыныс» әлеуметтік реинтеграциясы («Қарлығаш» шығармашылық орталығы, Қызылорда) және тағы басқалар.

Қазіргі жағдай күллі әлемге өзара іс-әрекет пен ынтымақтастықтың жаңа үлгілерін енгізуді талап етеді. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырып жүрген, үшінші секторды дамытуға арналған дәстүрлі республикалық платформа биыл қашықтан екінші жыл өткізіліп отыр. Алайда осылай онлайн өткізілгеніне қарамастан ол ҮЕҰ өкілдері үшін бұрынғыдай ауқымды шара болып қала береді. Сөйтіп, тіпті ғаламдық өзгеріс болып жатса да, ҮЕҰ-мен кездесу өткізілді. Ал бұның негізгі мәні мынада: Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі қоғам түйткілдеріне бей-жай қарамайтын азаматтар үшін әлі де қажет.                            

 

Артур Жұмашев,

Алматы

Түсініктеме қалдыру