«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры стипендиаттарының адамды жігерлендіретін, ынталандыратын әңгімелерін бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін жаңа кейіпкерімізді сіздерге қуана таныстырмақпыз. Танысып қойыңыздар, ол – Анастасия Зубова. 20 жаста. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Логистика» мамандығы бойынша 3 курс студенті.

Анастасия студент болған алғашқы күндерден-ақ қоғамдық өмір мен  университеттің ғылыми зерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатысып жүр. Ол – халықаралық және республикалық олимпиадалардың, форумдардың, конференциялар мен слеттердің жеңімпазы. Ғылыми жинақтарға мақалалары шыққан. «Turan Enterpreneurship» кәсіпкерлік білім бағдарламасын жақсы меңгеріп алған. Мәскеуде өткен «Бизнес және менеджмент» бағытындағы халықаралық оқу сынағына қатысқан.

Ол өз бетінше білім алуға, сол білімін жетілдіріп, іс жүзінде қолдануға көп уақытын бөледі. Бұл оған өзін жетілдіру үшін және білікті маман болып шығуы үшін қажет. Анастасия өз оқуынан бөлек графикалық дизайнмен де әуестенеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты болу – үлкен абырой. Оған талпыныс арқылы қол жеткіздім. Әрі бұл өзіңді одан әрі жетілдіруге ынталандырады. Қазіргі заманда студенттердің еңбегінің елеусіз қалмай, лайықты бағасын алып жатқаны мені қуантады, — дейді біздің стипендиатымыз.

Сондай-ақ, Анастасия осы жетістігімен тоқтап қалмақ емес. Адамның талпыныс пен табандылықтың арқасында көп нәрсеге қол жеткізе алатынын ең алдымен өзіне дәлелдемек. «Өзіңізді жақсы жағына қарай өзгертуге әр жаңа күн сайын мүмкіндігіңіз бар. Соны пайдаланыңыз», — дейді дарынды қыз.

Түсініктеме қалдыру