«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шығармашылық бастамалар зертханасы iTeacher Academy, TAMOS Education мектебі, ASBIS Kazakhstan, «Тұран» университетімен бірге 10-17 жас аралығындағы оқушыларды Халықаралық балаларды қорғау күні өзін-өзі таныстыру бойынша онлайн практикумға шақырады.

Біздің шеберлік сынып - ғаламторда самсап тұрған кәдімгі Power Point-та презентация жасауға арналған қадамдық нұсқаулық емес. Бұл компьютер мен ақпараттық технология туралы біліммен бірге, шығармашылық ізденісті талап ететін тұтастай өнер.

Дизайнер, иллюстратор, визуалист Ирина Хван жеке брендингке креативті көзқараспен қарауды онлайн практикум аясында үйретеді. Ал оны меңгеру қиын емес.

Спикер заманауи цифрлық жетістіктің арқасында жеке брендіңізді қалыптастыру мен дамыту үшін қалай жұмыс істеу керектігін айтады. Тәлімгермен бірге практикумда көрнекті әрі тартымды презентация құруды, брендіңіздің логотипін әзірлеуді, тіпті бүге-шігесіне дейін ойластырылған фирмалық стильді де жасауды үйренесіз.

Практикумда үйренген дағдылар мектепте, жоғары оқу орнында, кейін ержетіп маман атанғанда немесе кәсібіңізді ашқанда да сұранысқа ие болады.

Практикум бағдарламасы:

  • Түстер психологиясы. Логотип жасау (25-30 минут) - Keynote (Google Slides), Tayasui Sketches https://tayasui.com/sketches/ (Google play-де қосымша бар), қағаз және қарындаш/қалам.
  • Презентациядағы айла-тәсілдер (25-30 минут) - Keynote (Google Slides), қағаз және қарындаш/қалам.
  • Фирмалық стиль жасау (25-30 минут) - Pages (Google Docs), қағаз және қарындаш/қалам.

Қатысуға қажет нәрселер*:

  • iOS қолданушылары үшін:
    iPad + Apple Pencil (Keynote және Pages бағдарламалары).
  • Android қолданушылары үшін:
    Планшет + Google презентация және Google құжаттары (Google қосымшасы Google play арқылы жүктеледі немесе браузерде жұмыс істеуге болады).

* Егер планшетіңіз болмаса, қайшы, желім, қарындаш, өшіргіш, фломастер, түрлі-түсті қағаз, сызғыш дайындаңыз, шығармашылық жұмыста олар да кәдеге асады.

Күні мен уақыты: 2021 жылдың 1 маусымы, сағ: 14:00-16:00 (YouTube-тан көрсетіледі, сілтеме тіркеуден соң беріледі).

Тіркелу: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe-pGSJDsBoOsHmnHWMor3OLFun8QKRU8xJrPzpQiEpGyuTqg/viewform

Толық ақпарат: Юлия Андреева, contact@iteachera.com, +7 701 917 30 03

Түсініктеме қалдыру