Өзін-өзі таныстыру – XXI ғасырдағы қажет дағды
Заман бір орнында тұрмайды. Күнде бір өзгеріс, сәт сайын жаңа нәрсе. Жаңа технология, түрлі ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер белең алған тұста, талант, өнім немесе қызметіңді ерешелеп көрсете білу оңай емес. Цифрлық жүйе бір жағынан өмірді жеңілдетсе, екіншіден жаңа сын-қатер мен міндеттер тудырады.
Бұл ретте, жеке тұлғаның, қала берді тұтас ұлттың бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселенің өзектілігі арта түсті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында «әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында», - деп ерекше атады.
Елбасының тізбектеген үш фактор бүгінде әлемдегі ірі ақпарат ағынындағы тиімді жеке брендтің негізін қалайды, онда өз талантыңды танытып, мүмкіндік пен икеміңді көрсету өте маңызды. Еңбек нарығында табыстың кепілі - бәсекелестікке төтеп беру және әлеуетіңді бағамдай білу. Мұны мектеп жасынан бастап үйретудің маңызы зор.
Қазіргі заманның сын-қатеріне жауап ретінде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шығармашылық бастамалар зертханасы iTeacher Academy, TAMOS Education мектебі, ASBIS Kazakhstan және «Тұран» университетімен бірлесіп Халықаралық балаларды қорғау күні «Өзіңді және талантыңды таныту» атты өзін-өзі таныстыру бойынша практикум өткізді.
Шеберлік сыныбы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінде бүкіл санитарлық норманы сақтай отыра офлайн және iTeacher Academy YouTube арнасында онлайн сынды екі форматта өтті.
Оңтүстік астананың коррекциялық білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері мен көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар офлайн түрде қатысты.
Семинар шеңберінде танымал дизайнер, иллюстратор және визуалист Ирина Хван жастарға планшеттер арқылы логотип пен фирмалық стиль әзірлеудің негіздерін үйретті. Бұған қоса, практикум тренері заманауи цифрлық жетістіктердің арқасында жеке брендті қалыптастыру және оны дамыту бойынша тиімді жұмыс істеу тәсілін көрсетті.
Әрбір қатысушы өзін-өзі таныстыру тренингінде алған білімдерін іс жүзінде сынады. Ортаға жасқанбай шығып, бір-біріне жобаларын ерекше құлшыныспен таныстырған жастар логотипте таңдалған түстердің мәнін, пішінін және негізгі ойын түсіндірген жас дизайнерлер туындыларын бейнелі түрде сипаттады.
- Практикум қатты ұнады. Мен логотип және планшетте презентация жасауды үйрендім. Қазір азды-көпті тәжірибем бар. Бастысы, мен өз еңбегімді өзге жандардың алдында таныстыра алдым. Әсіресе, логотип жасау барысындағы терең білімі, көптеген түрлі техникалық құралды қолдану ерекше ұнады. Алдағы уақытта да осындай шеберлік сыныптарға қатысқым келеді. Мұндай керемет іс-шара үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорына көп рақмет! – деді қатысушы Зейнұр Амандық.
- Практикумда дизайн саласында көптеген жаңа білім мен дағды үйрендім. Өте қызықты, оңай және қолжетімді екен. Шеберлік сыныпты ұйымдастырушыларға алғыс айтамын! - деді Сәбина Сүлейменова.
Айта кетейік, практикумда үйренген дағдылар мектепте, жоғары оқу орнында, кейін ержетіп маман атанғанда немесе кәсіп ашқанда да сұранысқа ие болады.
- Бүгінгі шеберлік сынып сыни тұрғыдан ойлауға, креативтілікке және өзін-өзі таныстыруға арналды. Бір қарағанда өзін-өзі таныстыру көне дүние сияқты. Бірақ, ел алдына шыққанда абдырамай, үрейді жеңумен бірге, өзіңді және идеяңды дұрыс таныстыра білу өте маңызды. Тәлімгерлер шеберлік сыныпта осыны меңгерді. Қатысушылар деректі талдауды, құрылымдаумен қатар, графикалық бағдарламалар мен құралдардың көмегімен бейнелеуді үйренді әрі идеяларын қалың қауымға таныстырды. Шеберлік сыныптағы бұл білімдер болашақта да тәлімгерлерде кәдеге асады деп сенімді айтуға болады, - деді iTeacher Academy негізін қалаушы және Қазақстан Республикасындағы Apple компаниясының білім беру саласындағы жетекшісі Юлия Андреева.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы өкілдігі
PR-менеджер Артур Жұмашев
электрондық пошта: pr.zhumashev@gmail.com
+7 727 305 36 19
+7 708 960 56 13