news-img

2021 жылдың 2 маусымында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ҚР Әділет министрлігімен, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтымен және «Акселератор добра: Izgilik elshisi» ұлттық еріктілер қозғалысымен бірлесіп «Заң диалогы» жобасы аясында «Қазақстанның жаңа әкімшілік юстициясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Бұл шара Қазақстан Республикасның Әкімшілік процедуралық-процессуалдық кодексіне (ӘППК) арналған. 

Шараны ашқан Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев былай деді: «Әкімшілік юстицияның жаңа моделінің мақсаты – даулы жәйттарды азайту, жұмыстың бюрократиялық формасынан қашу».

Ал дөңгелек үстелдің модераторы – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Атқарушы директорының орынбасары, Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов былай деді: «Әкімшілік процедуралық-процессуалдық кодексті (ӘППК) жасау туралы бастаманы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген. Еліміздің қоғамдық-саяси жүйесін демократияландыру барысында Елбасының тапсыруымен ғалымдар, сарапшылар және загерлердің азаматтардың даулы мәселелерін меморгандардың жан-жақты қарауын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысы ұйымдастырылды. Жаңа әкімшілік юстиция қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Еститін мемлекет» тұжырымдамасына сай келеді. Осылайша ӘППК қазақстандықтардың құқығын қорғау мәселесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған»

Дөңгелек үстелдің ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Конституциялық Кеңес Төрағасы Қайрат Мәми: «Біздің әкімшілік соттар ең алдымен принципшілдік танытып, сот жүргізудің жаңа формасының қағидаларын ұстануға ерекше көңіл бөлуі керек», - деді.  

Ал Әділет вице-министрі Наталья Пан өз сөзінде: «Осы жылдың 1 шілдесінен күшіне енетін бұл кодекс мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасқа жаңа реңк береді. Әрі Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарына сай келуі тиіс», - деді.

Бұл сессияда Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев, Жоғарғы Сот мамандандырылған соттар алқасының Төрайымы Айгүл Қыдырбаева, Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Талғат Сәрсенбаев, Лотарингия (Франция) Университеті Құқық, экономика және басқару институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, жария құқық профессоры, Ұлттық сарапшы Пьер Тифин, Германия халықаралық ынтымақтастық бойынша «Орталық Азия елдерінде құқықтық мемлекеттіліктің жұмыс істеуі» құқықтық бағдарламасының басшысы, судья Йорг Пуделька, заң ғылымдарының докторы, Латвия университетінің (Рига қаласы) профессоры Гунарс Кутрис және басқалар сөз сөйледі.    

Бұл шара заңгерлердің, адвокаттардың, құқықтанушылардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің кәсіби қызығушылығын тудырды. Дөңгелек үстел барлық аймақ әкімдіктерінің заң қызметкерлеріне де қызық болды. Ұйымдастырушылар керек болған жағдайда кодекс пен оның жекелеген ережелерін таныстыруға арналған қосымша вебинарлар мен конференциялар өткізетінін жеткізді. Спикерлерге қойылған сұрақтардың бәріне жан-жақты жауап беріледі.   

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының

Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев

e-mail: pr.zhumashev@gmail.com           

+7 727 305 36 19

+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру