«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Алтыншы жыл қатарынан жалауын көтерген «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойынына Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйытқы болып келеді. 9, 10, 11 сынып оқушылары түрлі саланы қамтыған білім бәйгесінде бақ сынайды. Есте сақтау қабілетін жақсартып, қиялды дамытатын бірегей сайыста әркім қалауына қарай қазақ, орыс және ағылшын тілінде қатыса алады.

Қазір халықаралық турнирге өтінім қабылдау басталды. 2021 жылдың 1 маусымынан 1 шілдеге дейін тіркеле аласыз. Білім бәйгесінің әуелгі екі кезеңі 1 қыркүйекке дейін онлайн түрде өтіп, кіл жүйріктер Елорда төрінде өзара шын мықтыны анықтайды. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2021 жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nazarbaev ortalygy» дамыту орталығында өтеді. 

Айта кетейік, «Кім білгіш?» сайысы 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Жыл санап жаңарып, жетіліп, тың дүниелермен толығып келеді. Алдыңғы бәйгеде республиканың әр өңірінен 50 оқушы жеңімпаз атанып, арнайы дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтың (ноутбук, планшет, смартфон т.б) иесі атанған.

Білім бәсекесінде www.qazaq-found.kz сайты арқылы еліміздің және шетелдің орта мектеп оқушылары бағын сынай алады. Сайыстың ережесін www.fnn.kz, www.qazaq-found.kz, «kto-umnee.qazaq-found.kz» сайтынан және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ресми әлеуметтік желілерін оқуға болады. 

Толық ақпаратты 8 (7172) 27-26-09 анықтама телефоны арқылы біле аласыздар.

Түсініктеме қалдыру