news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Тұран университеті, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстандық маркетинг қауымдастығы Сізді «Бизнеске арналған инновациялық идеялар фестивалі» аясында ұйымдастырылған Алғашқы республикалық кәсіпкерлік диктантқа қатысуға шақырады. Іс-шара 2021 жылдың 8-10 қыркүйегі аралығында Алматыда өтетін «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» I Халықаралық ғылыми форумының алаңында болады.

Диктанттың мақсаты  –  кәсіпкерлік сауаттылық мәселесіне мемлекет пен қоғамның назарын аудару, азаматтарға кәсіппен айналысуға, өзінің кәсіпкерлік білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беру.

Диктантқа арналған тапсырмалар:  

  • жастардың іскерлік белсенділігін арттыру;
  • студенттерді кәсіпкерлік негіздерін оқуға ынталандыру;
  • кәсіпкерлікті оқытудың соңғы бағдарламаларын әзірлеуге әрі қарай да қосымша көмектесу;
  • кәсіпкерлік қызметте инновациялық ойлауды қалыптастыруға ықпал ету;
  • кәсіпкерлік құзыреттіліктерін жетілдіру қажеттілігін түсіндіру.

Өткізу тәртібі

  • Кәсіпкерлік диктантқа мектеп оқушылары мен колледждердің, жоғары оқу орындарының студенттері, белсенді жастар т.б. тұлғалар қатыса алады. Кәсіпкерлік диктантқа қатысу үшін міндетті түрде мына сілтеме бойынша өтініш жіберу керек (Google-форма https://bit.ly/3xiKS4j).
  • Сіз өтініш жібергенде көрсеткен электронды мекенжайыңызға кәсіпкерлік диктанттың сілтеме жіберіледі және ол бизнеске арналған инновациялық идеялар фестивалінің барлық кезеңінде қолжетімді болады.
  • Диктанттан өткен, яғни 80%-дан жоғары ұпай жинаған қатысушы автоматты түрде электронды поштасы арқылы диплом алады.

Кәсіпкерлік диктантта жабық түрдегі 30 cұрақ қамтылған. Ол сұрақтарды «Атамекен» ҚР ҰКП ұсынған  және сынақтан өткізілген.

Ғылыми форумға қатысу үшін сайттың мына сілтемесі https://scienceforum.kz/ арқылы тіркелу қажет.

 Диктантты ұйымдастырушы комитеттің мекенжайы:

Разакова Дина

E-mail: d.razakova@turan-edu.kz

Түсініктеме қалдыру