news-img

«Жаңа есімдер онжылдығы» ұранымен өтетін фестиваль жалынды әрі талантты қазақстандық жастар дәуірінің басталуын білдіреді.

12 қараша /сейсенбі/ Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ұйымдастырған «ЖасSTAR» шығармашыл жастардың халықаралық фестивалі өтеді. Республика сарайының сахнасында еліміздің жас таланттары әлемдік мюзиклдердің үздік хиттерін орындайды. Ауқымды жобаны Алматы әкімдігі қолдады.

 

Биыл өнер мен мәдениет саласындағы жастарды жан-жақты дамуына арналған бастамаға  10 жыл толды. Жыл сайын фестиваль аясында Қазақстанның шығармашылық оқу орындарының студенттері мен жас мамандарына арнап әртүрлі елдердің танымал мәдени қайраткерлерінің шығармашылық кездесулері, шеберлік сыныптары, дәрістері, тренингтер мен семинарлары өтеді. Бүгінге дейін «ЖасSTAR»-ға сценарист және кинорежиссер Егор Кончаловский, музыкант және продюсер Байғали Серкебаев, Париж операсы Ұлттық оркестрінің дирижері Филипп Юи, атақты суретші-стилист М. Ламин, бірінші скрипкашы, «Мәскеу Виртуозы» оркестрінің солисі Алексей Лундин келген болатын. Бұл мәдени-ағартушылық жобаның мақсаты – жастар арасында мәдениеттің дамуына және талантты жас суретшілердің шығармашылық әлеуетінің артуына ықпал ету.

 

— Біздің дарынды әрі болашағы зор жастар үшін «ЖасSTAR» фестивалі – шығармашылық дамудың бастауы. Жоба аясында алған білімдері мен дағдылары олардың бәсекеге қабілеттілігі мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Біз жыл сайын шараның тұжырымдамасы мен мазмұнымен мұқият жұмыс істейміз. Біздің негізгі бағытымыз – жобаның барлық қатысушылары үшін тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болу. Мұнда жинақталған тәжірибе мен машық талантты қазақстандық жастарға халықаралық байқауларда жеңіске жетуге, шетелдік фестивальдерге қатысуға және ұлттық мәдениетті лайықты деңгейде көрсетуге көмектеседі, - деді Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров.

 

Биылғы фестиваль «Broadway musical shows» форматындағы мюзикл-концерт түрінде өтеді. Әр жылдағы «ЖасSTAR» қатысушылары, сонымен қатар, еліміздің ең үздік шығармашыл жастары Алматы қаласының басты концерт залында әлемдік музыкалық хиттерін орындайды. Фестиваль бағдарламасында «Величайший шоумен», «Красавица и чудовище», «Ромео и Джульетта», «Chicago», «Достар серті», «Ла-ла ленд», «Mamma mia» және т.б. музыкалық композициялар бар.

 

Концертті ұйымдастыруға және өткізуге жас дизайнерлер, сахна сәндеушілері, декораторлар, хореографтар, қоюшы режиссерлер және т.б. қатысты. Осылайша, фестиваль Елбасы қорының Қазақстандағы келешегі зор шығармашыл жастарды анықтауға, қолдауға және дамытуға бағытталған жемісті жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

 

Сонымен қатар, 10 жыл ішінде «ЖасSTAR» фестивалі еліміздің түкпір-түкпірінен келген шығармашыл жастардың назарын аударатын орталыққа және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының көрнекті брендіне айналғанын айта кету керек.

 

***

Құрметті БАҚ өкілдері!

 

Сіздерді 12 қараша күні сағат 18:30-да «ЖасSTAR» фестивалі мына мекен-жайда күтеді: Республика сарайы, Достық даңғылы, 56.

 

Тіркеу және іс-шараға шақыру бойынша төмендегі байланыс нөміріне хабарласыңыздар:

 

Артур Жұмашев, +7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

Түсініктеме қалдыру