news-img

2021 жылы 4-8 қараша аралығында Алматыда хореографиялық оқу орындарының VII халықаралық «Өрлеу» байқау-фестивалі онлайн-форматта өтеді. Шығармашылық байқауды А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі бірлесіп ұйымдастырады.

Айта кетейік, биылғы байқау-фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.

Жобаның мақсаты – ұлттық хореографиялық өнерді қолдау және танымал ету, педагог-хореографтардың кәсіби қоғамдастығын нығайту, халықаралық хореографиялық білім беру саласындағы шығармашылық жетістіктермен және жұмыс бойынша тәжірибе алмасу.

А. Селезнев атындағы АХУ-нің атқарушы директоры Мұрат Төкеев «Өрлеудің» негізгі міндеттері: «Хореографиялық өнер саласындағы жас таланттарды анықтау, дарынды жас балет әртістерін насихаттау, хореографиялық білім мен өнер саласындағы шығармашылық жетістіктермен және жұмыс тәжірибесімен халықаралық алмасу, педагог-хореографтардың, хореографтардың және мәдениет және өнер қызметкерлерінің шығармашылық қоғамдастығын таныту және ұлттық хореографиялық өнерді сақтау мен дамыту», — деді.

 — Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен демеушілеріміздің қолдауының арқасында біз жүлде қорын молайттық. Барлық қатысушыларға жоғары жетістіктерге ұмтылуға және жоғары марапаттарды алуға мүмкіндік беретін арнайы сыйлықтарды дайындауға мүмкіндік таптық, — дейді хореографиялық училищесінің меңгерушісі.

Биыл шараға Қазақстан, Ресей, Башқұртстан, Жапония, Германия, Бурятия, Якутия және Оңтүстік Кореядан 75-тен астам өнерпаз қатысады. Олардың қатарында хореографиялық оқу орындарының өкілдері, кәсіби би ұжымдары мен балет әртістері бар.

Байқауға қатысушылардың өнерін Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты, қазылар алқасының төрағасы Юрий Васюченко;  Ресей Федерациясының халық әртісі, Үлкен театрдың балет труппасының жетекшісі (Мәскеу, Ресей) Галина Степаненко; балет әртісі, балетмейстер, халықаралық байқаулардың дипломанты және жүлдегері, Токио (Жапония) Жаңа ұлттық театрының жетекші солисті, А. Селезнева атындағы АХУ-нің түлегі Майлен Тілеубаев бағалап, қазылық етеді.

Оған қоса, қазылар алқасының құрметті мүшелерінің қатарында: Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Польша Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Халықаралық хореография қайраткерлері одағының бірінші вице-президенті Сергей Усанов; философия ғылымдарының кандидаты, «Балет» журналының бас редакторы Валерия Уральская; Корея IBC президенті, WBGP көркемдік жетекшісі Пак Джэ Кын; Украинаның халық әртісі, Киев мемлекеттік хореографиялық училищесінің көркемдік жетекшісі Нобухиро Терада; «Astana Ballet» театрының арт-жетекшісі және Қазақ ұлттық хореография академиясының көркемдік жетекшісі Әсел Исабаева бар.

Майлен Тілеубаев шығармашыл жастардың талантын дамытуға бағытталған үлкен білім беру бағдарламасы туралы сөз сөйлейді. Балетмейстер өз тәжірибесі жайлы айтып, Жапониядан келген «TLEUBAEV Ballet School» мектебін жеке шеберлік сыныбында таныстырады.

YouTube желісіндегі «OrleuFest» арнасында хореографиялық оқу орындарының «Өрлеу» халықаралық байқау-фестивалі бағдарламасының онлайн трансляциясы көрсетіледі.

Байқау күндерінің бағдарламасы:

  • 4 қараша — «Классикалық би» номинациясы бойынша кіші және үлкен топтар арасындаңы бірінші кезең;
  • 5 қараша — балет әртістерінің арасында екінші кезең;
  • 6-7 қараша — «Халық биі» және «Заманауи хореография номинациялары; 
  • 8 қараша — Абай атындағы ҚҰАОБТ сахнасында «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының VII халықаралық байқау-фестивалінің аяқталуы және қатысушылардың Гала-концертімен және байқау жеңімпаздарын жариялау 18:30-да.

Сондай-ақ байқау-фестивальге «Петро Қазақстан» компаниясы, Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары федерациясы, Балет пен ұлттық биді қолдау және дамыту қоры және ҚҰАОБТ қолдау көрсетті.

БАҚ-пен байланыс:

А. Селезнев атындағы АХУ-нің ішкі және сыртқы байланыстар бөлінің жетекшісі Еркебұлан Ақбердиев, 8 727 341 01 83, 8 707 565 5554, y_akberdi@mail.ru, ballet-kz@mail.ru.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдігі

Алматы қаласында

PR-менеджер Артур Жұмашев,

+7 708 960 56 13,

pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру