«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

2021 жылы 3 қарашада Алматыдағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Өкілдігінде ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық дәстүрлі музыка кеңесінің (ICTM) тарихи дереккөздерді зерттеу жөніндегі тарихи ресурстарды зерттеу тобының XXIII халықаралық симпозиумының ашылу салтанаты мен пленарлық отырыстары өтті.

Шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, ICTM және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы бірлесіп ұйымдастырады.

Кездесу  Алматыда гибридті форматта өтеді. Аргентина, Португалия, Бельгия, Германия, Швецария, Австралия, Венгрия, Латвия, Солвения, Түркия, Словакия, Қытай және Грузиядан келген шетелдік ғалымдар конференцияға видео байланыс арқылы қатысады.

Симпозиумда ғалымдар талқылайтын негізгі ғылыми мәселелер – ХХІ ғасырдағы этномузыкалық зерттеулер мен музыкалық мұрағаттардың қызмет ету көздеріне инновациялық көзқарастар. Зерттеу тобының төрағасы, доктор Сусана Сардо (Авейру, Португалия) айтқандай: «Біз коммуникация және ақпараттық технологияларды дамыту маңызды саналатын бәрі қолжетімді заманда өмір сүрудеміз. Бұл қолданыстағы музыкалық мұрағаттар үшін жаңа міндеттер мен заманауи ақпараттық кеңістіктерді құру және дамыту мүмкіндіктерін тудырады».

Зерттеу тобының жұмысына алғаш рет Қазақстанның зерттеушілері қосылады. Олар фольклорлық-этнографиялық экспедициялар материалдарын сақтау, фольклорлық зерттеу зертханаларының жұмысын, түркі халықтарының ортақ музыкалық мұрағатын құру мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар ұлттың мәдени мұрасын қайта бағалаудағы қазақ мәдениет қайраткерлерінің жеке мұрағаттарының рөліне назар аудармақ.

«Тарихи ресурстар» тобының жұмысына отандық зерттеушілердің қатысуы – авторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болып саналатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының бағыттары тұрғысынан зерттеуде аса маңызды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова симпозиумға қатысушыларға арнаған құттықтауында қазақтың музыкалық дәстүрлерінің материалдық емес мәдени мұрасын сақтауда тарихи дереккөздерді зерттеудің ерекше маңыздылығына мән берді.

— Осы симпозиум туралы айта отырып, оны ұйымдастырудағы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақ ұлттық консерваториясының ынтымақтастықты сақтаудағы лөлін ерекше айтқым келеді. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры көптеген жобаларында жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға белсенді түрде ықпал етеді, ұлттық мәдениетті сақтауға және жаңартуға бағытталған шығармашылық жобаларды қолдайды, — деді министр.

Ал Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев симпозиум жұмысының бағыттары мен жоспарларының үйлесімділігі жөнінде айтты.

— Бүгінгі басқосуымыз қазақ этномузыкатануының дамуындағы жаңа кезеңнің белгісі. Біздің оқу орнымыз музыкалық дәстүрге тарихи көзқарастың маңыздылығын түсіне отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, тарихи ресурстар саласында бірқатар ғылыми жобаларды ұйымдастыру, дыбыстық мұрағаттарды цифрландыру және мұражай коллекциялары бойынша жұмыстарды іске асырып жатыр, — деді Арман Жүдебаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грант иегері Валерия Недлина болса, бірлескен осы жобаны жүзеге асырудағы жас ғалымдардың рөліне тоқталды.

— Симпозиум Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұзақ мерзімді және жүйелі жұмысының нәтижелерінің бірі. Жас ғалымдарды қолдау, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық дәстүрлі музыка кеңесімен ынтымақтастығым 2017 жылы өткен Дүниежүзілік конференцияға қатысу үшін Қордың саяхат грантын алуымнан басталды. Соңғы төрт жылда ол материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың жаһандық мәселелерін талқылауға қазақстандық жас ғалымдарды қатыстыруға мүмкіндік беретін нақты нәтижелер көрсетті, деді Валерия Недлина.

Дәстүрлі түрде ICTM зерттеу топтарының симпозиумдары соңғы екі жылда аяқталған жобалардың нәтижелерін және зерттеудің жаңа бағыттарын талқылау алаңына айналады. Сонымен, қазақстандық қатысушылар Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның фольклорлық ғылыми-зерттеу лабораториясы қорының және музыкалық этнограф Александр Затаевичтің мұрасын зерттеуге арналған екі ірі мұрағаттық жобаны таныстырады.

Өз кезегінде шетелдік зерттеушілер мұрағат ісінің теориясы мен тәжірибесі, «бұрынғы жады» ұғымын ғылыми айналымға енгізу, Еуропаның әртүрлі елдеріндегі музыкалық-этнографиялық далалық зерттеулерді мұрағаттау және цифрландыру саласындағы жаңа зерттеулерін ұсынады.

Симпозиум жұмысы 6 қарашаға дейін өткізіледі. Кездесу қорытындысы бойынша мұрағаттарды заманауи мәдени кеңістікке біріктіру және жұмыс істеп тұрған және жаңадан ашылып жатқан мұрағаттар үшін заманауи ақпараттық жүйелерді құру бойынша ұсыныстар әзірленуі мүмкін.

Анықтама:

Дәстүрлі музыка жөніндегі халықаралық кеңес (ICTM) – бұл ол барлық елдердің дәстүрлі музыкасы мен биін зерделеуге, тәжірибеге, құжаттауға, сақтауға және таратуға бағытталған ғылыми ұйым. Осы мақсатта ұйым бүкіләлемдік конференциялар, симпозиумдар, коллоквиумдар және форумдар ұйымдастырады. Сонымен қатар, ICTM онлайн-бюллетеньдерін дәстүрлі музыканың Жылнамасын шығарады.

ЮНЕСКО-мен ресми консультативтік қарым-қатынастарды жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйым ретінде және өзінің ауқымды халықаралық өкілдігі және зерттеу топтарының қызметі арқылы Халықаралық дәстүрлі музыка кеңесі әртүрлі мәдениетті тұтынатын халықтар арасындағы көпір қызметін атқарады. Осылайша бүкіл адамзаттың бірлігіне үлес қосады.

Құрамына әлемнің түкпір-түкпірінен этномузыкатанушылар, антропологтар мен тарихшылар кіретін «Тарихи ресурстарды зерттеу тобы» сандық және цифрлық емес (аудио және бейне жазбалар, қолжазбалар, басылымдар, кескіндер, музыкалық ноталар, иконография, музыкалық жазбалар, аспаптар т.б.) әртүрлі тарихи ақпарат құралдарын зерттеуге бағытталған. Зерттеу тобы дереккөздердің гносеологиясын, музыкалық мұрағаттардың, мұражайлар мен жинақтардың жұмысын дамытуға ықпал етеді. Топ жұмысында шешілген мәселелердің ішінде: мұрағат әлеуметтік трансформация агенті ретінде; әлеуметтік жады және ұлттық бірегейлік; материалдық және материалдық емес мұралар; мәдени саясат; мұрағаттық құқық және қолжетімділік саясаты; мұрағаттау технологиялары; мұрағатта жұмыс істеу тәртібі; сандық гуманитарлық ғылымдар және пәнаралық зерттеулер; тарихи дереккөздермен жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері маңызды орын алады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдігі

Алматы қаласында

PR-менеджер Артур Жұмашев,

+7 708 960 56 13,

pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру