«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Көп балалы аналардың, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған әйелдердің, жалғызбасты аналардың өзін-өзі дамытуына, олардың кәсіби білім мен дағдыларды меңгеруіне көмектесу – «Кәсіпкер ана» жобасының негізгі міндеттері.

Жоба бастамашысы Айнұр Әмірханның айтуынша, «Қамқорлық» оқу орталығының базасында «Кәсіпкер ана» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

«Әйелдер тегін оқыту курстарына қатысып, қажетті білім мен тәжірибе жинақтап, үйлерінен шықпай-ақ өз ісін дамытып, өзін-өзі таныта алады. Жобаның негізгі идеясы осы. Жобаны іске асыруға қолдау білдіргені үшін «Қамқорлық» корпоративтік қорына, Нұрсұлтан Назарбаев қорына және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне алғыс айтамын», - деді ол.

Оқу орталығында шаштараз және тігін ісі мамандықтары бойынша оқыту процесі жүргізіледі. Мұнда сұлулық индустриясы саласында жұмыс істейтін мамандар дайындалады. Сонымен қатар, бухгалтерлер, аспаздар, массаж терапевттері, SMM мамандарды оқыту, ағылшын тілі сабақтары және т.б. курстарды оқуға мүмкіндік бар. Орталық курстарды өткізуге қажетті барлық құралдармен жабдықталған.

«Жобаны жүзеге асыру үшін Қор жиһаз және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қолдау білдірді. Елорда әкімдігі ғимарат тауып беруге көмектесті. Жоба оқуға қатысушылардың жоғары сұранысына ие. Биыл оқу орталығында 420-дан астам әйел оқытылды», - дейді «Қамқорлық қоры» КҚ жобасының бас менеджері Маржан Нұрханова.

Тренингтен өткендердің көбі қажетті мамандықтарды меңгеріп қана қоймай, өз саласының табысты маманына айналды.

«Бұл әлеуметтік маңызы бар жобаны ұсына отырып, біз «Қамқорлық қоры», Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және әкімдік тарапынан ғана емес, сондай-ақ, бүгінде уақыт бөліп, бізбен бірге сабақ өткізіп жүрген тәлімгерлер-мамандардың мақұлдауы мен қолдауына ие болғанымызға қуаныштымын», - дейді Айнұр Әмірхан.

Түсініктеме қалдыру