news-img

27-28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайында Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Ұлттық мектеп оқушыларының пікірсайыс турнирі өтеді.


Турнирге облыстық, қалалық және аудандық пікірсайыс кезеңінің жеңімпаздары қатысады. Іріктеу турнирі 40 мыңнан астам оқушыны қамтыған.Турнирге қатысушылардың пікірінше, пікірталас зияткерлік дамуға әсер етеді, ерік-жігерді дамытады, шығармашылық және аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, ой-өрісін кеңейтеді.


Айта кетейік, мұндай ауқымды іс-шара елімізде 2006 жылдан бері өткізілмеген. Қазір ол Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры мен ҚР БҒМ-нің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауының арқасында жүзеге асуда.


Жарыста 34 команда өзара сайысады. Турнир жеңімпаздары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және команда жаттықтырушыларының алғыс хатымен марапатталады.

Түсініктеме қалдыру