news-img

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры 7 және 8 қарашада Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы мемлекеттік университеттің негізінде XIII «Инновациялық даму және замануи Қазақстанның ғылымға деген сұранысы» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын беделді ғылыми алаңға биылғы жылы Қазақстаннан, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан 500-ден астам жиналады.

 

- Қазақстанның жас ғалымдары мен жаңашылдарының бәсекеге қабілеттігін дамытуға бағытталған конференцияның ерекшелігі - оның өңірге бірінші рет шығуында. Тараз қаласы - замануи қолайлы инфрақұрылымы бар, экономикасы және білім беру саласы инновациялық  жағынан дамып келе жатқан қала. Осы қалада конференция өткізе отырып, біз бұл өңірдің жас ғалымдарының бастамаларына ғана жауапты емеспіз, сонымен бірге еліміздің ғылыми жастарын Тұңғыш Президент Қорының құрған ғылыми-білім беру кеңістігіне одан әрі біріктіру, деп атап өтті Қордың Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров.

 

Екі күннің ішінде конференция аясында бірнеше маңызды іс-шаралар өтеді. Сонымен, пленарлық сессия барысында жас ғалымдар түрлі тақырыптар бойынша баяндама жасайды, соның ішінде: білім трансферті және өңірлік жоғары оқу орындарының цифрлануын дамыту процесіндегі университтердің рөлі, ауыл шаруашылығындағы ГИС-технологиялар, төтенше жағдайларға болжам жасау, қазақтың генетикалық қорын қалыптастыратын генетикалық тарих,  3D-технологияны және т.б. қолдану арқылы ортопедиялық аяқ-киім әзірлеу.

 

Студенттік жастарға ұйымдастыруышлар «Science Slam - Kazakhstan». зияткерлік жекпе-жек алаңын ұсынады. Биылғы жылы конкурстың финалына Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Тараз  және Шымкент қалаларының студенттері шықты.

 

— «Science Slam» - Тұңғыш Президент Қорының жастар арасындағы танымал жобасы болып табылады. Бұл конкурстың ережесі бойынша қатысушылар өз зерттеулері мен әзірлемелерін қолжетімді әрі ерекше нысанда ұсынуы тиіс. Жас ғалымның идеясын ғылым төңірегіндегілер ұғынуы тиіс. Сондықтан конкурсант өз жобасы туралы әңгімелеген кезде күрделі терминдер мен ерекше ғылыми анықтамаларды қолданбауы тиіс. Баяндама қызықты, қысқа әрі креативті болуы тиіс. Ғылыми идеясын қорғау үшін «Science Slam» жобасына қатысушыға 10 минут уақыт беріледі. Зияткерлік сайыстың мақсаты – ғылым күрделі ғана емес, қызықты екенін көрсету қажет, деп атап өтті Қордың жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сухраб Жапаров.

 

Конференцияның маңызды бөлігінің бірі «Successful grant writing» ғылыми-әдістемелік семинар болуында. Ол ғылыми зерттеулер мен жобаларды қаржыландыруға гранттар алуға қатысатындар үшін пайдалы болады.

 

Тренинг барысында спикерлер ғалымның академиялық мансабының дамуына гранттық қолдаудың ықпал ететіні туралы әңгімелейді. Семинарға қатысушылар гранттық қаржыландыруға бәсекелес өтінімдердің он айрықша ерекшелігімен, сондай-ақ, ғалымдар грантқа алуға үміткерлермен сәтті болған ғылыми өтінімдердің құпияларымен бөліседі.

 

Ғылыми-әдістемелік семинардан кейін шеберлік сабақтар өтеді, онда конференцияға қатысушылар сарапшылармен бірге ғылыми зерттеулер кезінде кездесетін негізгі қателіктерді және ғылыми жобаларды монетизациялаудың қыр-сырын талқылайды. Сонымен, семинарда алынған білім мен шеберлік сабақтарда үйренген дағдылар жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін іске асыруларына өзінше әсер етеді.

 

- Биылғы жылы конференция жаңа форматта өтеді. Секциялық отырыстар мен ғылыми дискуссиялар практикалық қолданбалы сипатқа ауысады. Осындай өзгерістер отандық ғылымның алдында тұрған сын-тегеуріндерге сай келеді. Жас ғалымдардың ғылыми жобаларын гранттық қаржыландыру, коммерцияландыру, әріптестермен, мемлекетпен және экономиканың нақты секторымен, яғни олардың ғылыми әзірлемелерінің соңғы тұтынушыларымен  қарым-қатынас жасаудың жаңа нысандарына сай келеді. Оларға жауап беруге, сондай-ақ жас ғалымдардың кәсіби дамуына аталған конференцияның аясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры мүмкіндік беріп отыр - деп атап өтті М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дің PhD докторы, Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы және «Материалдар құрылысы мен өндірісі» кафедрасының меңгерушісі Жанғазы Молдамұратов.

 

Конференцияның старты жас ғалымдардың инновациялық жобалар көрмесі арқылы беріледі, онда 3D-технологиялар, энергия үнемдеу, ақпараттық технологиялар, биология, энергияның баламалы көздері, өндіріс қалдықтарынан жасалатын жаңа материалдар, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық технологиялар саласындағы дарынды қазақстандықтардың үздік әзірлемелері ұсынылады.

 

Конференцияда жалпы қорытынды жасаумен қатар, жас ғалымдарға арналған конкурстардың, соның ішінде Тұңғыш Президент Қорының «Үздік Жас ғалымдар кеңесі» конкурсының, сондай-ақ «Жастардың инновациялық потенциалы - 2019» және «Үздік ғылыми мақала» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

 

***

Құрметті БАҚ өкілдері!

 

Сіздерді 7 қарашада, сағат 10:00-де «Инновациялық даму және замануи Қазақстанның ғылымға деген сұранысы» атты XIII халықаралық ғылыми конференцияның ашылуына шақырамыз.

 

Мекенжайы: Тараз, М. Х. Дулати  атындағы ТарМУ, Сулейменов к-сі, 7 (негізгі корпус).

 

Аккредитация үшін байланыс

 

Елбасы Қорының

Баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жумашев

+7 708 960 56 13, +7 (727) 220-92-16

a.zhumashev@fpp.kz

ТарМУ Ақпарат және медиакоммуникациялар орталығының директоры

Гульмира Амалбекова +7 776 656 51 11

Түсініктеме қалдыру