Қор стипендиаты Владислав Сайко: «Егер еңбекқор және табанды болсаңыз, онда міндетті түрде марапатталасыз!»
Біз тамаша стипендиаттарымыз туралы айтуды жалғастырамыз. Ал бүгін назарларыңызға М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің магистранты Владислав Сайконы таныстырамыз. Қор стипендиаты орыс-ағылшын-француз тілі бағыты бойынша ілеспе аудармашы және ағылшын тілді диктор мамандығы бойынша білім алып жатыр.
Владислав өзінің таңдауын саналы түрде жасағанын айтты. Аударма мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған ол қазір магистратурада білім алумен қатар, аудармашы-фрилансера ретінде жұмыс істейді.
– Аудармашының жұмысы керемет және бір қарағанда көрінгендей қарапайым емес. Әсіресе ілеспе аудармаға келетін болсақ, аудармашы сөзбе-сөз тыңдап, талдап, бір уақытта сөйлейді. Бұл процесс адам миы үшін күрделі процесс. Дәл осы процес үлкен қызығушылығымды тудырды, - дейді Владислав Сайко.
Оның портфолиосында республикалық және халықаралық ілеспе аудармашы байқауларына қатысқандығын растайтын және мамандандырылған курстарды аяқтағаны жөнінде марапаттары мен жеңістері бар. Сонымен қатар, оның ілеспе аудармашы ретінде төрт жылдан астам тәжірибесі бар.
Жігіт студенттік шәкіртақы алу байқауында өзінің жеңіске жеткенін білген кезде қатты қуаныпты.
– Шәкіртақы – кез келген студент үшін әрқашан жақсы бонус және мотивация. Оған қоса, егер сіз ынталы және талантты болсаңыз, стипендия – ол міндетті түрде марапатталғаныңыздың дәлелі ретінде сізге қызмет етеді. Егер еңбекқор және табанды болсаңыз, онда міндетті түрде марапатталасыз! Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысы, өз кезегінде, еңбегім үшін жақсы сыйлық ғана емес, бұл ел деңгейіндегі беделге ие болу және өзіңді мойындату. Талантты, зерделі, алдына мақсат қоя білетін студенттердің еленіп, жігерленіп жатқанына өте қуаныштымын, – деді талантты қазақстандық.