Инновацияларды қолдау- болашаққа инвестициялар
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Жастар жылының салтанатты ашылуында Үкіметтің алдында жастарды қолдау мен білім беруге бағытталған бірнеше міндеттер қойды. «Қазақстан жаңа интеллектуалды держава болуы мүмкін. Еліміздің ілгері дамыған технологиялық және цифрлық болашаққа дайындалып жатқандығын ескере отырып, бізге білім беру саласындағы озық үрдістерден қалып қоймау өте маңызды. Қазақстан өз жастары үшін барлығына жетістік пен өркендеуді қамтамасыздандыруға қажетті білімдер мен дағдыларды беруі тиіс»,- деді Мемлекет Басшысы.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры ғылым мен инновацияларды дамытуда өз қабілеттерін көрсетіп жүрген дарынды жастарды қолдау бойынша жобаларды жүзеге асырады.
Қордың қолдау көрсеткен осындай жобаларының бірі, Wunder бағдарламалау онлайн-мектебі болып табылады. Бұл платформаны жас әрі табысты ІТ-маманы Бақытжан Байжикенов әзірледі. Ол информатика бойынша Дүниежүзілік олимпиаданың Алтын медаль иегері, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы болып табылады. Лондонда білім алып жүріп, бұл жігіт құны үш млн.еуродан асатын екі стартап-жобаның негізін қалады.
Шет елде білім алып және бірнеше рет жұмыс істегеннен кейін, Бақытжан Қазақстанға оралып, балаларға мобильдік қосымшалар мен веб-сайттар әзірлеуді үйретемін деп шешті. Қордың қолдауының арқасында оның идеясы жүзеге асты, ал оқимын деушілерге бағдарламалаудың қыр-сырын тегін үйрену мүмкіндігі пайда болды.
«Қордың іске асырып жатқан жастарға арналған жобалары, елімізде жастайынан ғылым мен ІТ-технологияларда жетістікке жеткен шынайы дарынды балалардың аз еместігін көрсетеді. Біз осындай балаларды анықтаймыз, ынталандырамыз және қолдаймыз, олардың ары қарай дамуына ықпал етеміз. Егер біз жаңа технологияларды меңгерсек, өскелең ұрпақты инновацияларға үйрететін болсақ, Қазақстан бір қадам ілгері жүретін болады», - дейді ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.
Wunder платформасында сабақтарға арналған әр түрлі аспаптар бар - бейне сабақтар, презентациялар, кітаптар, тәжірибелік сабақтар, вебинарлар мен конференциялар.
Жалпы, оқыту алты факультеттің (Scratch Lab, Mobile Lab, Android әзірлеме, Web Дизайн, IOS әзірлеме, Олимпиадалық бағдарламалау) және он алты арнайы курстың негізінде құрылған. Бұл тек оқуға ғана емес, сонымен қатар өз білімдерін тесттер мен кодтың дұрыстығын автоматты тексеру көмегімен бекітуге көмектеседі.
Алғашқы болып еліміздің әртүрлі облыстарының 20 мектебінің оқушылары оқудан өтті. Бүгінгі күні онлайн-мектептің оқушыларының саны екі мыңнан асты, олар 30 мың 175 сабақ өтті.
Бағдарламалау өз әрекеттерін жоспарлауға және қарапайым алгоритмдер құрып үйренуге көмектеседі- бұл қазіргі қарқынды өзгеріп жатқан әлемде қажет нәрсе. Сондай-ақ балалардың логикалық және сыни ойлау қабілетін дамытады. Мұның дәлелі, көптеген балалардың сабақтарының жақсаруында, информатика бойынша олимпиадалардың жеңімпаздары болуында.
Жоба балаларды бүгінгі күннің мамандығы - бағдарламалауға үйретеді. Оның үстіне, бұл техникалық дағдылардан да үлкен. Ол цифрлық әлеммен өзара байланысуға және онда өздеріне құрушылар болуға мүмкіндік береді.
Онлайн-мектепте оқыту биылғы жылы да жалғасатын болады. Оның үстіне оқушылардың ауқымын кеңейту, мобильдік қосымшалар мен веб-сайттар байқауларын ұйымдастыру, сондай-ақ бейімдік оқытуды енгізу жоспарланып отыр. Осылайша, әркімнің өз қызығушылықтарына, жетістіктері мен қабілеттеріне байланысты жеке оқу мүмкіндігі пайда болады.