Қазақстанда ең креативті оқытушылар таңдалды
Алматыда Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауы өтті. Үш жүзден астам ұстаздар бірнеше күн бойы ең инновациялық және шығармашыл атану үшін сайысқа түсті. Сөз сөйлеуге тек жеті минут берілді. Осы уақыт ішінде қатысушылар оқушыларды қалайша толық көлемде пәнге қызықтыру қажет екендігі және білім беруде қандай реформалар жүргізу керек екендігі туралы баяндап беруі тиіс болды.
Фестивальдің мақсаты- педагогтарды өзін-өзі шығармашылық танытуға және кәсіби өсуге ынталандыру, Қазақстан мектептерінің жетекшілері мен ұстаздарының инновациялық тәжірибесін зерттеу және тарату.
Фестивальге елдің түкпір-түкпірінен, білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің, гуманитарлық колледждердің педагогтары, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыкалық қызметкерлер, қосымша білім беру педагогтары, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтер, дефектологтар, дарынды балалармен жұмыс бойынша аймақтық орталықтардың, оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатысты.
Педагогтар мыңдаған біртума идеяларын көрсетті. Оларға еліміздің үздік жоғары оқу орындарының профессорлары баға берді. Нәтижесінде 22 ең ерекше оқыту әдістемелеру іріктеліп алынды. Олардың авторлары жеңімпаз атанды.