news-img

Бүгін Ақмола облысының Қабанбай батыр ауылында «Қамқорлық» инклюзивті фитнес орталығы ашылды. Ашылу рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты. 

Ауылдың мәдениет үйінде орналасқан орталықта кәсіби спорттық жабдықтармен және қажетті құрал-сайманмен жабдықталған екі жаттығу зал бар. Мұнда топтық сабақты да өткізуге болады. Орталықтың есігі барлық жанға ашық. Мүгедектігі бар адамдарға ЕДШ кәсіби нұсқаушылары тегін сабақ өткізіледі. Сауықтыру бағдарламасын жасау кезінде жергілікті қоғамдастықтың ұсыныстары ескерілді. Сонымен қатар, орталықта каратэ, йога секциясы және қарт адамдарға арналған демалыс клубы жұмыс істейді. 

«Нұрсұлтан Назарбаев Қоры үш жылдан бері «Қамқорлық» бастамасын жүзеге асырып келеді. Бұл уақыт ішінде Қор өңірлерде 16 балаларды оңалту орталығын ашты. Соның арқасында мыңдаған бала уақтылы емделуге мүмкіндік алады. Орталықтар ең алдымен қажеттілік көп жерде ашылады. Қабанбай батыр ауылының фитнес орталығы – бұл біздің жобамызды іске асырудың нақты мысалының бірі», - деді фитнес орталықтың ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы. 

Әлкей Марғұланұлының айтуынша, «Қамқорлық» жобасын іске асырған Қорға халықтың ықыласы жақсы. Фитнес орталық ауыл халқының қуана баратын орнына айналатынына күмән жоқ. Бір ғана Қабанбай батыр ауылында ерекше қажеттілігі бар 80-нен астам адам тұрады. Бүгінге дейін осы ауылда да, жақын маңдағы елді мекендерде де дене шынықтыру және спортпен айналысатын орын болмаған. 

Орталық Ақмола облысы әкімдігінің арқасында ашылды. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 12 миллион теңгеден астам сомаға қажетті құрал-жабдық сатып алды.

Түсініктеме қалдыру