contest-img

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі - бұл Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2008 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан бастамасы. Оның негізгі мақсаты - белсенді азаматтарды қолдап, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға көмектесу.

Жәрмеңке аясында келесі бағыттағы жобалар таныстырылады:

• инклюзивті қоғам құру 
• білім беру мен спортты дамыту
• салауатты өмір салтын насихаттау
• отбасы мен жастарды қолдау
• әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету

Жәрмеңкенің басты ерекшелігінің бірі - ірі ұйымдармен қатар, өңірлердегі ҮЕҰ-дардың да қатысуы. Бұл аймақтық деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларды қолдауға мүмкіндік береді.

Іс-шара жоба авторларын біріктіріп қана қоймай, олар үшін оқыту алаңына айналады. Қатысушылар тренингтерге, шеберлік сағаттарына, дәрістерге қатысып, идеясын жүзеге асыру бойынша сарапшылардан тәжірибелік кеңестер ала алады.

Жәрмеңкенің тағы бір маңызды ерекшелігі - ашықтық пен айқындық. Жобаларды тәуелсіз комиссия бағалайды. Комиссия құрамына қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ өкілдері, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері кіреді. Жеңімпаздар тікелей іс-шара барысында дауыс беру арқылы анықталады.

Бөлісу
    contacts-Ершиманова Гүлнәр Орынбасарқызы
    Ершиманова Гүлнәр Орынбасарқызы

    Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі

    Әлеуметтік навигатор