«QH Аудандық оңалту орталықтары» аудандық оңалту орталықтары

2023 жылы «Қазақстан халқына» қоры мен жергілікті әкімдіктердің қолдауымен «QH аудандық оңалту орталықтары» жобасы іске қосылды. Жоба Қазақстанның шалғай ауылдық аймақтарында ерекше қажеттілігі бар балалар мен олардың отбасын қолдауға арналған заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған.
Орталықтар АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстаннан әкелінген ең озық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Олар оңалту тренажерлары, физиотерапиялық кабинеттер, сенсорлық және интерактивті аймақтар. Жабдықтар «Қазақстан халқына» қорының қаржысына сатып алынды. Мамандарды үш кезеңдік оқытуды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырды.
Бұл орталықтар жыл сайын 12 000-нан астам балаға көмек көрсетіп, денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартады. Отбасылар үшін бұл - облыс орталығына бармай-ақ, жақын жерден заманауи оңалту қызметін алу, ал балалар үшін тиімді қалпына келтіру бағдарламасы.
Байланыс нөмірі: +77172571426
«QH Аудандық оңалту орталықтары» аудандық оңалту орталықтары