«Қамқорлық» аутизмі бар балаларға арналған орталықтар

2015-2023 жылдар аралығында Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар саны 8,8 есе өсті (ҚР Оқу-ағарту министрлігінің деректері).
Мұндай балаларға бейімделуге көмектесу үшін 2023-2024 жылдары «Қамқорлық» бастамасы аясында аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балаларға арналған 7 жеке даму орталығы ашылды. Жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, «Қазақстан халқына» қоры және жергілікті әкімдіктердің қолдауымен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта тағы 3 орталық ашу бойынша жұмыс қолға алынды.
Орталық бағдарламасы АҚШ-тың жетекші үш аутизм орталығының үздік тәжірибесі негізінде әзірленген. АСБ бар балаларға 20-дан астам көмек түрі қолжетімді: АВА-терапия, эрготерапия, кинезиотерапия, арт және музыкалық терапия, еңбек терапиясы, сенсорлық интеграция және әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу сабақтары. Мамандар балалармен, ата-аналармен жұмыс істейді, сондай-ақ психологтар, логопедтер, дефектологтармен сабақтар өткізеді. 14 бағдарлама бойынша мамандарды оқытуға Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдау көрсетті.
Бұл орталықтар балаларға әлеуетін ашуға және қоғамға сәтті бейімделуге септігін тигізеді.
Ақтөбе облысы / Ақтөбе қ.
Шығыс Қазақстан облысы / Өскемен қ.
Жамбыл облысы / Тараз қ.
Жетісу облысы / Талдықорған қ.
Қостанай облысы / Қостанай қ.
Павлодар облысы / Павлодар қ.
Шымкент қ.
Байланыс нөмірі: +77172571426
«Қамқорлық» аутизмі бар балаларға арналған орталықтар