contest-img

«El Umiti» сыйлығы - Қазақстанның дарынды жастарын қолдауға және дамытуға бағытталған жоба. Жоба білімде, шығармашылықта, спортта және қоғамдық қызметте жетістікке жеткен белсенді, мақсатшыл әрі әлеуметтік жауапты жастарды анықтайды. Қатысушылар өзін-өзі дамыту жолынан өтіп, жеке жобаларын қорғап, соның нәтижесінде 500 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Жоба аясында жыл сайын «El Umiti» жазғы білім беру лагері ұйымдастырылады, онда оқу жылында ерекше жетістігімен көзге түскен 200 қатысушы жиналады. Лагерьде түрлі білім беру тренингтері, шеберлік дәрістері, мотивациялық кездесулер және қызықты іс-шаралар өткізіледі.

Сайт: https://premia.elumiti.kz/

Бөлісу
    contacts-Тоқышева Наркес
    Тоқышева Наркес

    «El Umiti» сыйлығы

    Әлеуметтік навигатор