contest-img

Жобаның мақсаты – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарын диагностикалаудың бірыңғай жүйесін құру, сонымен қатар олардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін қабілетті балалар мен дарынды жастарды қолдау.

«Qabilet» қызметі ата-аналарға балаларының қабілеті мен дағдысын ашуға көмектеседі, сонымен бірге қазіргі, қарқынды дамып келе жатқан әлемде баланың дамуына ықпал етеді.

«Qabilet» қызметі кәсіптік бағдарлау қабілеттінің деңгейін анықтау бойынша тестілеуден өтуді, әрі қарай оқыту және кәсіптік дамыту бойынша кеңес беруді көздейді.

Жобаны «El Úmiti» корпоративтік қоры Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен «El Úmiti» бастамасы аясында жүзеге асырады.

5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қабілетті диагностикалаудан өте алады. Диагностика қызметін үйден, сонымен бірге «Дарын» өңірлік орталықтарынан онлайн режимінде алуға болады. Сынақ қорытындысы бойынша психолог-мамандар балаларға, олардың ата-аналары мен педагогтарына баланың әлеуетін дамыту және болашақ мамандығын таңдау бойынша консультациялық қолдау көрсетеді. «Дарын» өңірлік орталықтары облыс орталықтарында және Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.

Диагностикадан қалай өтуге болады?

7-11 жас аралығындағы оқушылар https://qabilet.elumiti.kz/ платформасынан онлайн өте алады

 

contacts-Джусупова Гулім Асгатқызы
Джусупова Гулім Асгатқызы
Балалар мен жастардың қабілетін анықтау және дамыту орталығының басшысы

Qabilet - оқушылардың қабілетін диагностикалау және кәсіптік бағдарлау қызметі

.

Әлеуметтік навигатор