«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
contest-img

2015 жылы Қор мемлекеттік тілді дамыту Қоры және Қазақстан жазушылары Одағымен серіктесе отырып Қазақстандағы бірегей «Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығын жария етті. Сыйлық байқау негізінде 18 бен 35 жас аралығындағы жас жазушылардың бұрын басылмаған үздік туындылары үшін табысталады.

Жас әдебиетшілердің сайысы бес номинация бойынша өткізіледі: үздік проза, үздік поэззия, үздік драматургия, балаларға арналған үздік шығарма және арнайы номинация (жыл сайын анықталады).

«Алтын Тобылғы» сыйлығы Қазақстанның заманауи әдебиеті және кітап оқуға деген құштарлыққа қызығушылық тудыратынына сенімдіміз.

«Алтын Тобылғы» І жылдық Сыйлығына 120-дан астам сайыстық жұмыстар жіберілді. Қазылар алқасы құрамына қазақстандық танымал жазушылар, сценаристтер мен журналисттер кіреді. Олар авторлық шығарманың саналық түпнұсқалығын және оқиға желісінің дамуын, көркемдік әдемілігі мен эстетикалық әсерліліктің тереңдігіне баға береді.

Астанада өткен «Алтын Тобылғы» сыйлығының салтанатты марапаттауында келесі номинацияларда төрт жеңімпаз анықталды:

  • «Үздік проза» — Арай Ертарғынова, 20 жаста (Өскемен);
  • «Үздік драматургия» — Аннас Бағдат, 31 жаста (Алматы);
  • «Балаларға арналған үздік шығарма» — Алексей Варзаев, 35 жаста (Шахтинск);
  • Арнайы «Мәңгілік ел» номинациясы — Есболат Айдабосын, 34 жаста (Талдықорған).

Жүлдегерлердің әр қайсысы 1 млн. теңге мөлшерінде қаржылай сыйлықақыға ие болды, ал арнайы номинация Сыйлығының иегері 1,5 млн. теңгемен марапатталды.

contacts-Булхаиров Серик Мамырович
Булхаиров Серик Мамырович
ННҚ Жобалық офисінің аға үйлестірушісі

«Алтын Тобылғы» Сыйлығы

Әлеуметтік навигатор