«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
contest-img

«Art-Самғау» — жас суретшілердің байқау сайысы мен жаттығу сабақтарының халықаралық фестивалі. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық және рухани байлықтарын насихаттау, қатысушылар арасында шығармашылық байланыстарды нығайту және дарынды суретшілерді анықтау. Фестиваль барысында сайыскерлер шығармаларының көрмелері, шеберлік сабақтары, дөңгелек стөлдер мен тәжірибе сабақтары өтеді. Мәдени бағдарламасы да қанық – қонақтар Алматының тарихи орындары мен көрікті жерлеріне саяхат-серуен құрады, концерттер мен театр, мұражайларды аралайды.

Іс-шараның сайыстық бөлімі келесі шығармашылық номинациялардан тұрады: тоқыма, керамика, ағаш өңдеу, металл өңдеу, тері илеу, әшекейлеп көркем сурет салу және басқа бағыттар. Қазылар алқасы құрамына өнер қайраткерлері, ұстаздар мен БАҚ өкілдері кіреді. Олар авторлық шығарманың саналық түпнұсқалығын және көркемдік әдемілігі мен эстетикалық әсерліліктің тереңдігіне баға беріп жеңімпазды анықтайды.

«Art-Самғау» 2013 жылдан бері өтеді. Оған Қазақстанның, Ресейдің, Болгария, Жапония, Иран, Мысыр, Қырғызстан мен Өзбекстанның жас дарындары қатысады.

contacts-Исмаилов Тимур Мұратұлы
Исмаилов Тимур Мұратұлы
Жобаның басты үйлестірушісі

«Art-Самғау» Халықаралық фестивалі

Әлеуметтік навигатор