«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
contest-img

Қор 2005 жылдан бастап Әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесін өткізеді. Бұл - арасынан топ-үздік жобалар таңдалынатын коммерциялық емес ұйымдардың көрмесі мен тұсаукесері.

Жеңімпаздар саны мен жобаны жүзеге асыруға кететін қаржыландыру сомасын байқау комиссиясы жобаның ерекшеліктеріне байланысты жеке анықтайды.

Сондай-ақ жәрмеңке - ҮЕҰ және әлеуметтік кәсіпкерлердің өкілдері үшін білім беру алаңы. Қатысушылар шеберлік сағаттарын, тренингтерді, дәрістерді  аралайды және өз идеяларын жүзеге асыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар алады. Жыл сайын білім беру, денсаулық сақтау, сондай-ақ әлеуметтік қорғалған топтарды қолдау саласында Жәрмеңкенің өзекті тақырыптары мен номинациясы анықталады.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ

Жәрмеңкенің байқау комиссиясына мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың, БАҚ өкілдері мен мемлекеттік қайраткерлер жатады.

Жеңімпаз жобаны таңдау үшін маңызды талап:

  • Әлеуметтік маңыздылық;
  • Өзектілік және жаңашыл тәсілдер;
  • Ресурстық және кадрлық мүмкіндіктер;
  • Жүйелік және мекен-жайлық;
  • Заманауи инновацияларды, нысандар мен әдістерді қолдану;
  • Ұзақ мерзімді кезеңге жобаның табыстылығы;
  • Бюджет тиімділігі.
contacts-Ершіманова Гүлнар Орынбасарқызы
Ершіманова Гүлнар Орынбасарқызы
Жобаның басты үйлестірушісі

Әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесі

Әлеуметтік навигатор