«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
contest-img

«Smart Zholy» бағдарламасы жас қазақстандық бағдарламашылар мен стартаперлерге арналған Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2017 жылдан бері іске асырылып келе жатқан жобасы. Ол жастарға жаһандық нарыққа шығуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. 

Жоба арқылы жас IT-мамандар өз стартаптарын жетекші азиялық венчурлық қорларға ұсына алады, сондай-ақ халықаралық компаниялармен бірлесіп жаңа инновациялық өнімдер мен сервистер құрады.

Алғашқы жылы жобаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларының стартаперлері ғана жобаларын ұсынды. Ал 2018 жылы бағдарлама 14 облыстық орталықтарымен қатар, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын қамтыды.

Бағдарлама аясында конкурстық негізде таңдап алынатын 20 қазақстандық команда өздерінің стартаптарын дамыта отырып және Қазақстанда дамытуға және Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығуға потенциалы бар өнімдерді жасай отырып, әлемдік деңгейдегі сарапшыларға қол жеткізеді.

Smart Zholy бағдарламасы өзінің сәтті жоба екенін дәлелдеді. Үш жылда қатысушылардан 230 өтінім келіп түсті. 2017-2018 жылдары 18 қазақстандық команда Сингапурда өздерінің жобаларын халықаралық деңгейде жалпыға паш етті.

2018 жылы Smart Zholy көмегімен қазақстандық Intellection стартапына сингапурлық қордан венчурлық инвестиция тартылды. Webtotem стартапы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы үздік стартаптардың ондығына қосылды және «Кәсіпорындарды бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету үшін» санатында топ жарды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қолдауының нәтижесінде және Сингапурда тәжірибеден өткен соң «Nommi» командасы инвестиция алды. Компания саяхаттаушылар үшін роутер дайындайды. Ол арқылы адам әр кезде байланыста болады және роуминг үшін қосымша ақы төлемейді. Бұл өнімді АҚШ, Сингапур, Германия, Австралия, Канада, Ұлыбритания, Гонконг, Швейцария, Малайзия және т.б. елдердің азаматтары қолданады.

Бағдарламаға қатысу тегін. Оған Қазақстан Республикасының 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады, команда құрамы ағылшын тілін жетік білетін 2-5 адамнан тұру керек.

Сайт: www.fnn.kz
Facebook:  https://www.facebook.com/fnn.kz/
Instagram: https://www.instagram.com/nazarbayevfoundation

contacts-Медеу Қарсақбаев
Медеу Қарсақбаев
Үйлестіруші

Smart Zholy бағдарламасы

Әлеуметтік навигатор