«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
contest-img

Жоба мақсаты - «қала-ауыл» жағдайында балалардың білімдік және ақпараттық теңсіздігін қысқарту, балаларды қолдау және дамыту. Жоба қосымша білім беру қызметтерін ұсынады, сапалы цифрлық білім беру ресурстарына және қызметтерге қол жеткізеді, мұғалімдер мен ата-аналарға әдістемелік қолдау көрсетеді.

Жоба қызметі үш бағытта жүзеге асырылады:

  1. «Birge oqý» пікірталас алаңы - мектептегі білім берудің өзекті мәселелері бойынша шетелдік және жергілікті сарапшыларды шақыра отырып, тікелей эфирде пікірталастар, өзекті тақырыптарға вебинарлар өткізіледі;
  2. Мұғалімдерге арналған «Цифрлық ментор 2.0» тегін оқыту курсы. Әр апта цифрлық білім беру технологиялары бойынша шағын курс, сонымен бірге олар тапсырмалармен, бейне нұсқаулармен бірге жүреді және жоба арналарында жарияланады.
  3. «Birge oqý» онлайн-мектебі - ауыл мектептерінің 6-7 сынып оқушыларын қосымша онлайн-оқыту.

«Birge oqý» пікірталас алаңының мақсатты аудиториясы - сарапшылар, басқарушылар, мұғалімдер, ата-аналар.

«Youtube» каналында және жобаның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында британдық, ресейлік және қазақстандық сарапшыларды тарта отырып, 100-ден астам тікелей эфирлер мен вебинарлар өткізілді.

Эфирлердің қорытындысы бойынша Қордың порталында Д.Бриджес, А.Тейт, Д. Песков, В. Шиманская, Н. Киселева және т. б. негізгі спикерлермен сұхбаттар жарияланды.

YouTube арнасына өту

«Цифрлық ментор 2.0» онлайн-курсының мақсатты аудиториясы - білім беру менеджерлері, мектеп директорлары, мұғалімдер мен педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері. Онлайн-курсқа 3 мыңнан астам мұғалім, соның ішінде ауыл мектептерінің директорлары мен мұғалімдері қатысты.

«Цифрлық ментор 2.0» курсының бағдарламасы 36 академиялық сағатқа есептелген.

Кәсіби онлайн-қауымдастыққа өту

«Birge oqý» онлайн-мектебінің мақсатты аудиториясы - ауыл мектептерінің 6-7 сынып оқушылары, оқушылар саны  - 3000 бала.

Онлайн-мектептің мақсаты – оқушылардың тұрғылықты жері мен оқыту тіліне қарамастан сапалы білім алуы үшін оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

Мектептің ерекшелігі – еліміздің жетекші педагогтары ауылдардың талантты жастары үшін сабақ жүргізеді. Бұл НЗМ, РФММ, елордалық лицейлер мен халықаралық мектептердің 73 оқытушысы. Олардың барлығы конкурстық іріктеуден өтті, цифрлық технологияларды пайдалана отырып оқыту тәжірибесі бар.

«Birge oqý» онлайн-мектебінің birgeoqy.kz сайтына өту

contacts-Аршабаева Айжан Бірлікқызы
Аршабаева Айжан Бірлікқызы
"Birge oqý" жоба менеджері
Әлеуметтік навигатор
rounded-img
Горбулина Ангелина
ученица онлайн-школы Birge Oqý Академии Елбасы
Благодаря Birge oqý у меня получится поступить в хороший университет

Мне нравится заниматься в этой школе потому, что, хорошо преподают учителя, я получаю дополнительную информацию, также я думаю, что данные знания помогут мне в будущем поступить в университет. Хорошо, что есть такая школа.


Ақпараттық блок