Халықаралық ынтымақтастық

«ХХІ ғасырда барлық салалардағы – саяси, экономикалық, мәдени, рухани салалардағы үнқатысуға балама жоқ. Бүгінде адамзат материалдық, ғылыми-техникалық және зияткерлік тұрғыдан зор әлеуетке ие. Мәдени айырмашылықтар болжаулы болашақта әркезде де бола бермек. Бірақ олар ажыратушы жіктер емес, біріктіруші бастаулар болуы тиіс.»
Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Бейбітшілік пен даму жолындағы
жаһандық диалог», атты мақаласынан, 2015 ж.
Қордың халықаралық қызметі достық байланысты нығайтуға және халықаралық ұйымдармен, шетелдік қорлармен әріптестік қатынас орнатуға бағытталған. Бұл геосаяси дамудың үрдістерін талқылау және тұрақты даму мен ынтымақтастықты ілгерілету жолдарын іздестіру мақсатында жүзеге асады.
Халықаралық қауымдастықпен өзара іс-қимыл барысында білім мен ғылым, мәдениет пен өнер, инновация мен жаңа технология, әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық сияқты салалардағы ортақ мүдделер ескеріледі.
Әлеуметтік навигатор
Жобалар

«Debat Eli» ҚҚ
«Debat Eli» қоғамдық қоры 2024 жылы құрылған, бұл пікірсайысты ұлттық және халықаралық деңгейде дамытуға бағытталған Қазақстандағы жалғыз қор.

«Data Lab - Сарапшылар мектебі»
«Data Lab - Сарапшылар мектебі» - ғылыми-талдау орталығы. Оның мақсаты - сарапшыларды оқыту, зерттеулер жүргізу, Қазақстанның «жаңа» бейнесін ағылшын тілді сараптамалық, публицистикалық және ғылыми қауымдастықтарда қалыптастыру, сондай-ақ, еліміздің тәуелсіздік тарихына қатысты деректерді халықаралық деңгейде танымал ету.