Робототехника бойынша ROBOCON республикалық чемпионаты
Чемпионаттың мақсаты – жастар арасында заманауи техникалық білімді насихаттау, стартап жобаларды дамыту және студенттерді инновациялық ортаға белсенді тарту. Ол бірінші кезекте жоғары білікті және бәсекеге қабілетті жергілікті мамандарды, әсіресе робототехникаға жататын техникалық, инженерлік бағыттағы мамандарды даярлауға бағытталған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасымен байланысты.
«Robocon» бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеуге, командада жұмыс істеуге қабілетті белсенді жастар үшін өзіндік алаңға айналды, сонымен бірге университеттерде роботтарды өндіру үшін толық жабдықталған робототехниканың жаңа зертханаларын, шағын Fab Lab құруды жеделдетті. Командалардың жарысқа қатысудың арқасында жоғары оқу орындары осы зертханаларды дамыта бастайды, соның негізінде робототехника кафедрасы мен институттарын құрады, ал студенттердің өздері чемпионатқа қатысып, мол тәжірибеге ие болып, еңбек нарығында өзінің бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттырады.
Қордың «Robocon» чемпионаты – Arduino платформасының негізінде робототехника бойынша студенттік командалар арасындағы жарыс. Бұл студенттерге роботтарды жобалау мен механикадан, сосын электроникадан бастап, роботтың интеллект бағдарламасын жазуға дейінгі дүниені құруға мүмкіндік береді. Осылайша, чемпионаттың әрбір қатысушысы ІТ, электроника және робототехника саласында ғылыммен айналысатын кез келген ғылыми институтта кіші зертханашы лауазымына дайын жас маман.
Чемпионатқа қатысу үшін барлық робот жаңадан бастап картон, пластик, металл, батарея, арқан және т.б. нәрсемен қолдан құрастырылған. Мұнда қатысушылардың қиялына шектеу жоқ. Негізгі шарт – құрылғы Arduino платформасында жұмыс істеуі керек. Бұл өз процессоры мен жадысы бар шағын тақта. Роботпен басқарылатын барлық қажетті параметрі бар алдын-ала жазылған бағдарлама процессорға жүктеледі.
Робототехника бойынша ROBOCON республикалық чемпионаты
Цель Чемпионата - пропаганда среди молодёжи современных технических знаний, развитие стартап проектов и активное вовлечение студенчества в инновационную среду.