Аутистік спектрі бұзылған және басқа да психикалық бұзылысы бар балаларға арналған 8 орталық
8 орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 1 000 баланы қабылдайды, 1 орталық - 125 бала қабылдайды
Ашылу уақыты: 2022-2023 жыл
Алматы және Шымкент қалалары, Жетісу, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Қостанай облыстары
2014 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар саны 4,7 есеге өсті (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың деректері бойынша). Орталықтар АСБ бар балаларға кәсіби көмек пен қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Сарапшылардың көмегімен АҚШ-тың үш беделді аутизм орталығының тәжірибесіне негізделген аутистік спектрдің бұзылысы бар балаларға көмек көрсетудің бірегей бағдарламасы әзірленді.
Оқыту барысында 20-дан астам қызмет қамтылады:
АВА-терапия, кәсіптік терапия, кинезиотерапия, адаптивті және емдік дене шынықтыру, кәсіптік терапия, арт-терапия, музыкалық терапия, керамика, ата-аналармен жұмыс, сенсорлық интеграция, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, логопед, психолог, дефектолог сабақтары.
Аутистік спектрі бұзылған және басқа да психикалық бұзылысы бар балаларға арналған 8 орталық