contest-img

Жоба мәдени, тарихи, білім беру және мемориалдық әлеуетті жүзеге асыру үшін жаңа қоғамдық алаңдарды дамытуға бағытталған. Бастаманың мақсаты - өнер және мәдениет саласында тығыз әрі ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мәдениетаралық байланысты дамыту, шығармашылық, зерттеу, мәдени және көркем даму бағдарламаларын ұйымдастыру.

Бұл Қазақстандағы креативті индустрияны дамытуға, музейдің шығармашылық әлеуетін қолдауға, Қазақстанның мәдени мұрасын ілгерілету ісіне ықпал етеді. Оның халықаралық форматы мәдениет, өнер, білім беру саласында заманауи мәдени трендтерді шетелдік және отандық өнер қауымдастығымен бірлесе отырып дамытуды көздейді.

Жоба аясында дәрістер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, халықаралық конференциялар, мәдениет және өнер саласындағы танымал тұлғалармен кездесулер, суретшілер мен оқытушылардың шеберлік дәрістері, экскурсиялық бағдарламалар және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бөлісу
    contacts-Музей-көрме қызметі
    Музей-көрме қызметі
    contacts-Музей-көрме қызметі
    Музей-көрме қызметі

    «Диалог өнері» көрме жобасы

    Әлеуметтік навигатор