«Артефакт» ғылыми-іздестіру жобасы

Тұңғыш Президент музейі әзірлеген «Артефакт» ғылыми-іздестіру жобасы Н.Ә. Назарбаевтың мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған. Жоба музейдің архив, кітап және заттық қорларын жүйелі түрде кеңейту және толықтыру арқылы жүзеге асады.
Жобаның мақсаты - тарихи маңызы бар материалдарды анықтау, жинақтау және ғылыми өңдеу бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Негізгі міндетіне жиналған материалдарды ғылыми айналымға енгізу, Тұңғыш Президенттің тұлғасын көрсететін тақырыптық топтамалар құру, сондай-ақ мәдени құндылықтарға кеңінен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды пайдалану кіреді.
Жобаны жүзеге асырудағы маңызды элемент - Қазақстан мен шетелдердің ғылыми мекемелерімен, архивтерімен және музейлерімен әріптестік орнату. «Артефакт» жобасы Қазақстанның жаңа саяси тарихын зерттеуге ықпал етіп, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының құрылымдары арасындағы өзара байланысты нығайтады, сондай-ақ зерттеу нәтижелері мен білім беру бастамаларын кеңінен таратуға мүмкіндік береді.
«Артефакт» ғылыми-іздестіру жобасы