Қазақстан өңірлеріндегі Қор жобаларының күндері

Бұл жоба 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және бүгінде Қазақстанның 14 өңірін қамтыды.
Жоба аясында әлеуметтік және адами капиталды дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі:
• Білім беру жобаларының роуд-шоуы;
• Интернат мекемелері тәрбиеленушілерін диагностикалау жобасы;
• Мұғалімдер мен мектеп психологтарына арналған тренингтер;
• Мектеп директорларына арналған «Кәсіби және эмоционалдық күйіп қалу» және «Тиімді ойлау дағдылары мен когнитивті икемділік» тренингтері;
• Жеке кеңес беру және жобалар көрмесі;
• «Тәуелсіздік дәуірі» ойыны бойынша турнир;
• Пікірсайыс тренингтері және «Oral Open» пікірсайыс турнирі;
• «Қамқорлық» әлеуметтік нысандарына бару;
• Өңірлік белсенді үкіметтік емес ұйымдарға даму сертификаттарын табыстау;
• «Arduino негізінде бағдарламалау және шығармашылық жобалар жасау» курсы;
• Робототехника мұғалімдеріне арналған спорттық робототехника бойынша оқыту курстары.
Қазақстан өңірлеріндегі Қор жобаларының күндері