Qabilet жобасымен баланың қабілеттерін анықтауға болады
Әлемдегі қазіргі жаһандық еңбек нарығы адамдарда жаңа құзыреттер болуын талап етеді. Мамандыққа ғана емес, сонымен қатар белгілі бір дағдылар мен қабілеттерге ие болу маңызды. Көптеген қабілеттер адамда ерте жастан қалыптасады, ал қазіргі білім мен технология оларды анықтауға көмектеседі. Қазақстанда балалардағы таланттарды анықтаудың заманауи диагностикасы бар.
Алматыда психологтар мен әдіскерлерге арналған семинар өтіп жатыр
Тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты жанды тәрбиелеу үшін ата-ана мен мұғалімнің әсері орасан зор. Бүгінде жұмысбасты ата-ананың баласының күнделікті іс-әрекетін қадағалауға мұршасы жоқ. Кейбіріне «жұрттың баласы» дарынды болып көрінсе, енді бірі олардың жан-дүниесіне үңілуге зауқы жоқ.
Алматы мамандары балалардың қабілеттерін диагностикалаудың заманауи әдістемесімен оқытылды
Алматыда оқыту семинары өтті. Ерекшелігі — сарапшыларға, анығы «Дарын» орталығының өңірлік сарапшыларына арналды. Іс-шараның мақсаты – мектеп жасындағы балалардың танымдық, коммуникативтік қабілеті мен эмоциялық зияткерлік психодиагностикасының заманауи әдісін меңгеруіне бағытталған. Қазақстан бойынша өңірлік орталықта диагностикадан өтуге болады.
Халықаралық және отандық сарапшылар балалар мен жастардың дарындылығын диагностикалау мен анықтаудың заманауи әдістерін талқылады
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасып, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады және практикалық ұсыныстар жасады.
Шымкентте республикалық семинар ұйымдастырылды
Шымкентте өткен « Балалар мен жастардың таланты мен қабілетін дамыту құралы ретіндегі серіктестік» семинарға әр өңірдегі «Дарын» орталығының басшылары жиналып, жергілікті мамандармен тәжірибе алмасты.