Алматыда «Atameken Juldyzy» эстрадалық орындаушылардың алғашқы конкурсы өтеді
Алматыда 15 және 17 мамыр аралығында эстрада вокалистерінің І ашық республикалық «Atameken Juldyzy» («Атамекен Жұлдызы») атты конкурсы өтеді. 15 және 24 жас аралығындағы жас орындаушылардың шығармашылық сайыстарын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорының қолдауымен П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі ұйымдастырды.
Тұңғыш Президент Қоры «Жеңістерге бірге» - «Вместе к победам» III Паралимпиялық старттарын өткізді
Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Жеңістерге бірге» - «Вместе к победам» III Паралимпиялық старттарын ұйымдастырды.
Соғыс жылдарындағы сүйікті әндер: Жеңіс Күніне орай ардагерлерге арналған музыкалық сыйлық
Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның үлкен концерт залында Жеңіс Күніне арналған концерт өтті. «Смуглянка», «Катюша», «Синий платочек» — осы және басқа да әндерді танымал қазақстандық әртістер Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнап орындады. Жеңіс Күніне орай сүйікті майдан әндерінің концертін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры және «Дегдар» гуманитарлық қоры бірігіп ұйымдастырды.
Алматы таяу және алыс шетелдің үздік хореографтарын күтуде
Алматыда 2019 жылдың 11 және 13 мамыры аралығында «Өрлеу-2019» балет мектептерінің V Халықаралық фестивалі өтеді. Оңтүстік астананың ірі мәдени оқиғасын А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі бірігіп ұйымдастырады.
Соғыс жылдарындағы сүйікті әндер: Алматыда Жеңіс Күніне арналған концерт өтеді
Алматыда 8 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры «Дегдар» гуманитарлық қорымен бірігіп «Уақыт - байланыстырушы желі» қайырымдылық жобасының аясында Жеңіс Күніне арналған концерт өткізеді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залының сахнасында танымал қазақстандық әртістердің орындауында соғыс жылдарындағы сүйікті әндер айтылады.
Білімді жастар - бәсекеге қабілетті мемлекеттің негізі
Тұңғыш Президент Қоры жанындағы ғылым бойынша Кеңестің мүшелерімен кездесулер - бұл физика, әлеуметтану, тарих немесе медицина бойынша білімдерге шомып, энциклопедияны ашумен бірдей. Бұл әрине түсінікті, себебі оның құрамына қазақстандық ғылымның үзік өкілдері кіреді. Кеңес өткізетін шеберлік сабақтары, ғылыми мектептер мен форумдар, жаңа білім алуға ұмтылатын жандар мен өзіне технологиялар мен инновациялар әлемін ашуды жалғастыратын адамдардың ішінде үлкен танымалдылыққа ие.
Қазақстанда Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған үстел ойыны пайда болады
Корей елінде Наурыз тойланды
Тұңғыш Президент Қоры Korea Foundation және Корей Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігімен бірлесіп өнер сүйер қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.