news-img

2018 жылғы 20 наурызда Санкт – Петербург қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Санкт-Петербург Мемлекеттік Университеті арасында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас Консулдықтың қолдауымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жетекші ғылыми орталықтармен және жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас орнатуда. Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті ескере отырып, дарынды жастарды қолдау және біліктілігі жоғары кадрлар даярлау сияқты гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы іс-шаралардың екі жаққа да  маңызы ерекше.

Сонымен, Меморандумның басты мақсаты ғылым, білім беру, мәдениет және жастар бастамаларын қолдау саласындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту болып табылады.

Екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ғылым, білім беру, мәдениет және дарынды жастарды қолдау болып табылады, атап айтқанда зерттеушілер және студенттермен алмасу; университеттер, зерттеу орталықтары және басқа да мекемелер арасында тікелей байланысты және ынтымақтастықты дамыту; конференциялар, семинарлар, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер және өзге де ғылым, білім беру және мәдениет саласындағы іс-шараларды өткізу. Сондай-ақ дарынды жастарды қолдау мақсатында атаулы стипендиялар тағайындау мүмкіндігі қаралады.

Меморандумға қол қоюға Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас Консулы Болат Иманбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов және Санкт-Петербург Мемлекеттік Университетінің ректоры Николай Кропачев қатысты.

Сонымен бірге, Қордың атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, ҚР Конституциялық Кеңесінің бұрынғы төрағасы (2004-2017 жж.)  Игорь Рогов Қазақстанның құқықтық даму саласындағы жетістіктеріне және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларына арналған лекция өткізді. Лекцияға Санкт – Петербург Мемлекеттік университетінің 100 –ден аса студенттері және Санкт-Петербург қаласындағы жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер қатысты.

 

Қор туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры  Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың жастардың жобаларын және әлеуметтік жобаларды іске асыру, азаматтық бастамаларды қолдау және бәсекеге қабілетті сараптау-талдау орталығын дамыту үшін құрған ең ірі коммерциялық емес қор болып табылады. Қор 2017 жылы қазақстандық дарынды жастарды қолдауға бағытталған 146 жобаны іске асырды. Қордың қызметі туралы толық ақпаратты www.fpp.kz сайтынан, сондай-ақ Instagram @fpp_kz и Facebook @fpp.kz әлеуметтік желілерінен алуға болады.

Байланыс телефондары:

Санкт-Петербург қаласындағы өкіл: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының халықаралық бөлімінің басшысы, Марғұланұлы Әлкей тел.: +7-747-285-76-77 a.margulanuly@fpp.kz

 Астана қаласында:

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының баспасөз қызметінің басшысы
Берлібай Ақерке тел.: +7-702-911-89-07, a.berlibay@fpp.kz

Түсініктеме қалдыру